2021 ж. Сәуір 14

Дауларды медиация жолымен реттеу

Елімізде дауларды шешудің қосымша әдісі ретінде Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы қолданылып келеді. Аталған Заң жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан, сондай ақ, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында және де сотқа дейінгі дауларды шешуге, сонымен қатар атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастар бойынша қолданылады.

Сондай-ақ медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеп, жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ медиатордың мәртебесін анықтайды. «Медиация» сөзі латын тілінен аударғанда «делдал, екі тарапты мәмілеге келтіруші үшінші тұлға» деген мағынаны білдіреді. Медиация тәсілі сот жүйесіндегі әділ төрелікті қамтамасыз етудің бірден-бір жолы. Біздің мақсатымыз – кінәлілерді іздеуге емес, ортақ шешімге келу жолдарын іздестіре отырып, екі тарапты да қанағаттандыратын нұсқаға қол жеткізу болып отыр. Сондай-ақ, медиацияның басты қағидаттары еріктілік, тараптардың тең құқылығы, құпиялылық, медиатордың тәуелсіздігі мен бейтараптылығы, медиация рәсіміне араласуға жол бермеушілігі болып табылады.

Медиацияның нәтижесінде «кінәлілер» мен «кінәсіз» деген тараптар болмайды. Қысқаша айтқанда, кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін анықтауға емес, өзара тиімді шешімді табуға бағытталған. Яғни, жанжалдасушы тараптар сотқа дейін де, сот барысында да кәсіби бітімгершілікке жүгінеді. Ол дауды тындаған соң, тиімді шешімді ұсынады.

Медиацияның артықшылықтары: тараптар уақытын үнемдейді, мемлекеттік баж төленбейді.

Медиатор басшылыққа алатын негіз болатын 5 қағидамен ерекшеленеді-еріктілік, тараптардың тең құқылығы, медиатордың тәуелсіздігі және бейтараптығы, медиация рәсіміне араласуға жол берілмеуі, құпиялылық.

Г.Тәженова

Қызылорда облысының

мамандандырылған ауданаралық

экономикалық сотының бас маманы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған