QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Дәрігерге мың алғыс

ByQAA.kz

Сәу 24, 2021

Жер жаһанды жайлаған коронавирус дерті күннен күнге үдеп, сан мыңдаған адамның тағдырын жалмаған қауіпті дертке айналды. Осы қарусыз майданда алдыңғы шепте арпалысып, адам жанының арашашысы болып жүрген медицина саласы өкілдерінің еңбегі орасан.
Осы тұста қызылордалық жасотандықтар «Дәрігерге мың алғыс» акциясы аясында адам өміріне араша түсіп жүрген ақ халатты абзал жандарға шынайы алғыстарын «Алғыс себеті» арқылы жеткізді.
«Бүгінгі таңда облыста коронавирусты жұқтырғандардың саны 5 мыңнан асты. Акцияның негізгі мақсаты – осындай қиын кезеңде өз өмірлерін қатерге тігіп, адам өмірі үшін тәулік бойы күресіп келе жатқан медицина қызметкерлеріне жастар атынан алғыс білдіріу, оларға қолдау көрсету, олармен бірге екендігімізді жеткізу,- деді «Jas Otan» Жастар қанаты облыстық филиалының жоба үйлестірушісі Нұрбол Серікбай.
Акцияға 10-нан астам еріктілер жұмылдырылып, олар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының 124 қызметкеріне ауыз ашуға арнайы дайындалған ыстық тағам және тәтті тоқаштар толтырылған себеттер табыстады.
Қасиетті рамазан айындағы қайырымды іске «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесі бюросының мүшесі, облыстық өзбек этно-мәдени бірлестігінің жетекшісі Дадашов Қахар Әлімұлы қолдау көрсетті.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған