QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

ДӘМХАНАЛАР КАРАНТИНГЕ ҚҰЛАҚ АСЫП ЖАТҚАН ЖОҚ

ByQAA.kz

Қаң 27, 2021

Бүгінгі таңда әлемнің көптеген елдерінде COVID-19 пандемиясына байланысты карантин шаралары жүргізіліп жатыр. Оның ішінде Шығыс Азияда орналасқан Жапония мемлекеті бар. Дегенмен де, елде карантиге қатысты жұмыстар атқарылып жатыр десек те, Жапония елінің астанасы Токио қаласының тұрғындары бұл мәселеге немқұрайлылық танытып отыр. Бұл қалада жарияланған төтенше жағдай режиміне қарамастан аймақтағы көпеген барлар мен мейрамханалар әлі де қызмет көрсетуде. Жергілікті биліктің қатаң талабына қарамастан заң бұзғандар қатары күннен күнге артып бара жатыр.

«Рейтер» ақпарат агенттігінің хабарлауынша өткен демалыс күндері кешкі сағат сегізден кейін қоғамдық тамақтану орындарына келгендердің де қарасы қалың көрінеді. Тұрғындардың айтуынша, үйде ас әзірлеп тамақтанғаннан гөрі сыртта тамақтанған әлдеқайда арзан екен. Оның үстіне көбі кешкі сағат сегізге дейін тамақтануға үлгере алмайтындарын айтты. Билік өкілдері бұлай жалғаса беретін болса, аймақтағы эпидемиологиялық ахуал қиындай түсуі мүмкін деп дабыл қағуда.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған