2021 ж. Сәуір 14

Дүйсебаевтың билік “диірмені”

Әбдіқалықованың әкімдері әлеуетті ме?

Сырдария ауданының әкімі Т.Дүйсебаев та қарап жатқан жоқ. Шамасы келгенше биылғы жылға жоспар құруда. 2021 жылға бекітілген аудан бюджетінің көлемі – 10 млрд. 896,5 млн. теңге. Бюджеттің негізгі шығындарын яғни 77%) әлеуметтік салаға бағыттау көзделген. Соңғы жылдары Сыр өңірінде су тапшылығы орын алуда. Осыған байланысты алдағы уақытта суды аз қажет ететін майлы дақылдар, көкөніс-бақша және мал азығындық дақылдарға басымдық беріледі. Осы ретте, аймақ басшысының қолдауымен аудан орталығынан шалғай жатқан Аманкелді, Жетікөл, Айдарлы ауылында егістік жерлерді пайдалануды қолға алып жатырмыз. Осы жылы Қалжан ахун ауылындағы «Ескі бостандық», Н.Ілиясов ауылындағы «Дәурен» каналдары тазартылады. Нәтижесінде, 1000 гектар егістік, 202 гектар жайылымдық және үй іргелік жерлер аяқ сумен қамтамасыз етіледі. Елді мекендерге аяқ суды жеткізе отырып, Мемлекет басшысының елді мекендерде 15 млн. ағаш отырғызу тапсырмасына сәйкес аудан аумағында алдағы 5 жылда 60 гектардан астам жерге 84 мың түп ағаш егуді жоспарлап отырмыз.
Ауыл шаруашылығын әртараптандыруды жандандыру мақсатында аудандық бюджеттен 2,4 млн. теңге қаржы бөлініп, Тереңөзек кенті, А.Тоқмағамбетов және Қоғалыкөл ауылдық округтерінен 18,5 гектар жер учаскелері аграрлық-индустриалдық аймақ болып белгіленді. Іңкәрдария ауылында 10 гектар жерге заманауи технологияларды пайдаланып, бақша дақылдарының тұқымын өндіру және өсіру жоспарымызда бар.
Алда жүзеге асатын ауқымды жобалардың ішінде «Ақжарма-2» шаруа қожалығының құны 370 млн. теңгені құрайтын «Күріш ақтап, тазалайтын және кіші пастерленген сүт зауыттарын іске қосу, жылыжай және бау-бақша сақтайтын қойма салу» жобасы
бар. Жоба аясында 33 адам жұмыспен қамтылады. Бүгінгі таңда бұл жобаның күріш тазалайтын цехы іске қосылып, 3 адам жұмыспен қамтылып отыр.


Сонымен бірге, аудандағы үлкен ауыл Шаған елді мекеніндегі «Шаған» шаруа қожалығының «Қуаттылығы жылына 630 тонна күріш ақтау цехының құрылысын салу» жобасы индустрияландыру картасына енгізілді. Құны 150 млн. теңгені құрайтын жоба жүзеге асса, айына 70 тонна күріш ақталып, 25 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.Тереңөзек кентінде «Аққұм Жер»серіктестігі құны 80 млн. теңгені құрайтын «Ұн шығаратын зауыт» жобасын іске асыруда. Бүгінгі күні аталған жобаның құрылыс жұмыстары аяқталып, Қостанай облысынан шикізат күтілуде. Осы жылы республикалық бюджеттен 12 елді мекенде 35 (Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді, Бесарық, Ақжарма, А.Тоқмағамбетов, Қалжан Ахун, Қоғалыкөл, Н.Ілиясов, Шаған, Шіркейлі, С.Сейфуллин елді мекендерінде үш бөлмелі 3 тұрғын үй құрылысы) тұрғын үй құрылысын жалғастыруға және аз қамтылған көпбалалы отбасыларына 10 тұрғын жайын сатып алуға қаржы бөлініп отыр.
Жалпы, биылғы жылы мемлекет есебінен 81 отбасы баспаналы болады деген жоспар бар. Алдағы жылдарда ауданға жол
салу мәселесі тұр. Жол салынса 692 жер учаскесі пайдалануға беріліп, кент бойынша жер кезегінде тұрған азаматтардың (кезекте 1020 адам) 68 пайызы өз баспаналарын салуға мүмкіндік алады.

2021 жылы ауданда 19,7 шақырым жол («Самара – Шымкент – Жаңадария», «Қызылорда – Қоғалыкөл – Шіркейлі», А.Тоқмағамбетов ауылына кіреберіс жол, «ҚызылордаЖалағаш-Тереңөзек») орташа жөндеуден, 2 шақырым жол («Самара-Шымкент-Н. Ілиясов») күрделі жөндеуден өткізіледі. Елді мекендерде 3,37 шақырымды құрайтын 4 көше жөндеуден өтеді (Тереңөзек кентіндегі Бердіқұлов көшесіне (42 млн.тг, 0,47 км) жол құрылысы, Аманкелді Иманов көшесін (357,3 млн.тг, 1,56 км) күрделі жөндеу; А.Тоқмағанбетов ауылы Маметова көшесін (25,7 млн.тг, 0,64 км) және Ақжарма ауылы Балапанов және Есентұров (85,6 млн.тг, 0,7 км) орташа жөндеу). Қазіргі таңда ауданға қарасты елді мекендердің электр желілерінің 70 пайызының тозығы жетіп тұр. Әсіресе, 1973 жылы қолданысқа берілген Аманкелді, Шаған, Қоғалыкөл және А.Тоқмағамбетов ауылдық округтеріндегі электр желілерінде электр энергиясының жиі ажырауы орын алуда. Аталған ауылдардағы электрмен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарына жоба-сметалық құжаттама әзірлеуге қаржы көздері қарастырылуда.
2021 жылы аудандық бюджеттен 17,6 млн. теңге қаржы бөлінген. Оған 7 көше жарықтандырылады. Ауданды көгілдір отынмен қамтамасыз
ету көптің көкейінде жүрген мәселе. Жалпы құны 2,4 млрд. теңгені құрайтын Тереңөзек кентінің кварталішілік газ құбырлары желісінің құрылысы аяқталып, осы жылы тұрғындар табиғи газдың игілігін
көруде. Тұрғын үйлерге газ кіргізу қызметтерін аудан орталығында 5 кәсіпкер атқаруда. Бүгінде 292 тұрғын үй (13,5%) және 8
әлеуметтік нысан (Ғ.Мұратбаев көшесі бойындағы көп қабатты тұрғын үй мен аграрлы техникалық колледж жатақханасы, көп қабатты тұрғын үйлер, «Қызғалдақ», «Нұр бөбек» балабақшалары, Темір жол вокзалы, Тереңөзек кент мәдениет үйі, №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицей, аудандық мәдениет үйі) газға қосылды.
Тереңөзек кентін газдандыру жобасынан қалып кеткен және жаңадан салынған тұрғын үйлерге (жаңа қоныстану аймағын қоса алғанда 334 нүкте) газ құбырын жеткізу мақсатында аудандық бюджеттен 7,4 млн. теңге бөлініп, жоба-сметалық құжаттама әзірленді. Құны 143 млн. теңге болатын жобаны қаржыландыру көздері іздестірілуде
(2022 жылға қаржыландырылу үшін Энергетика министрлігіне ұсынылды). Тұрғын үйлерге және ғимараттарға газды қосуға рұқсат беру, газ құбырлары мен қондырғыларын күтіп-ұстау және авариялық қызметтерді «Қызылорда газ тарату жүйесі» кәсіпорнының Тереңөзек кентіндегі филиалы атқаруда. Ендігі кезекте А.Тоқмағамбетов, Қалжан ахун, С.Сейфуллин, Шаған елді
мекендеріне жүргізілетін газ құбырлары және кварталішілік газ құбырлары желісінің құрылысының» жобалық сметалық құжаттарын әзірлеуге жергілікті бюджеттен 29,7 млн. теңге қаржы бөлініп, бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған