QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Будапештті қорғаған батыр

ByQAA.kz

Қар 6, 2020

Баймұрат батырдың ұрпағы, екінші дүние жүзілік және Ұлы Отан соғысына қатысқан Сыр бойының мақтанышы Нағи Ілиясовтың туғанына 100 жыл толып отыр.
Ол өз еңбегін халқына арнап, аймақтың әртарапты дамуына үлесін қосқан. Осыған орай, батырдың құрметіне нөмірі 9-ыншы мектептің алдында Нағи Ілиясовтің ескеткіш бюсті ашылды. Салтанатты шараға ел ақсақалдары мен аймақ басшысы Гүлшара Наушақызы және қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы қатысты.
Алғы сөз сөйлеген Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Нағи Ілиясовтың ғұмырының әр кездегі оқиғалары мен елге жасаған ұмытылмас еңбегін тілге тиек етті.

Бірі білсе, бірі білмес. Ұлы Отан соғысына қатысып Житомир, Киев, Ростов, Донбас, Элиста қалаларын азат етуге атсалысқан. Оның жер қорғаудағы басты жеңісі Будапешт қаласын азат етуде аса қатты байқалды. Сондықтан, КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі коса тапсырылған болатын.

Батырға деген құрмет әрі қарай да жалғасты. Қ.Қазантаев көшесіндегі өзі тұрған көппәтерлі тұрғын үйге батырдың ескерткіш тақтасы орнатылды. Сонымен қатар, өзі басқарған Қараөзек ауылының орталығынан Нағи Ілиясовқа арналған салтанатты белгінің ашылуына дүйім жұрт куә болды.

Нағи Ілиясов Сырдария ауданындағы екі кеңшардың құрылуына, республикадағы маңдай алды ауылдардың қатарына қосуға елеулі еңбек етті. Қай уақытта болмасын батыр есімін жанымызда сақтаған халықпыз. Бүгінгі Нағи Ілиясовтың 100 жылдығы баршаңызға құтты болсын.”-деді, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов.


Шараға қатысқан Нағи Ілиясовтың баласы Ринат Ілиясов та ұйымдастырушыларға, аймақ басшысына және қала әкіміне алғысын жеткізді.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған