2021 ж. Сәуір 14

БОРЫШКЕРДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ КҮШЕЙТІЛДІ

2020 жылдың желтоқсан айында ҚР Жоғарғы Сотының «Сот актілерін орындамағаны үшін жауаптылық туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы №12 нормативтік қаулысына енгізілген өзгерістермен борышкердің сот актісін орындамағаны үшін қылмыстық жауаптылық туындайтын жағдайлардың тізбесі кеңейтілді.

Осы өзгеріске сәйкес егер борышкержұмыссыз бола тұра дəлелді себептерсіз бір ай ішінде есепке қою үшін мемлекеттік органға жүгінуден және есепке қойылғаннан кейін ұсынылған жұмыстан бірнеше рет бас тартса, жұмысқа орналастырылғаннан кейін бір ай ішінде жұмыс орнынан өз еркімен шығып кетсе, елдің жəне одан тыс жерлердегі курорттық-сауықтыру кешендеріне жолдамалар, өзге де сəн-салтанат заттарын сатып алу жəне қымбат ақылы қызметтер алса, өндіріп алушыға ай сайынғы төлемдерді төмендету мақсатында болмашы табысты белгілей отырып, жалған жұмысқа орналастырылса қылмыстық жауаптылық көзделген.

Бұдан бөлек борышкер сот актісін орындаудан жалтару мақсатында міндеттемені толық немесе едəуір үлкен көлемде орындау мүмкіндігі болған кезде болмашы ақша сомаларын өндіруі сот актісін орындаудан жалтару болып табылады.

Нормативтік қаулыға енгізілген өзгерістерқалалық прокуратураның бастамасымен өткізілген ведомствоаралық жиналыста Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьяларының, қалалық полиция басқармасы тергеу бөлімінің қызметкерлерінің, мемлекеттік және жеке сот орындаушылардың қатысуымен талқыланып, тиісті іс-шаралар атқару белгіленді.

Сот актілері негізінде қозғалған атқарушылық іс-жүргізу құжаттарын орындау мақсатында облыстық және қалалық прокуратура, әділет департаменті, полиция басқармасы қызметкерлері мен жеке сот орындаушыларынан жұмысшы топ құрылды.

Күнделікті 3 экипаж әкімшілік айыппұлдарды өндіру бағытында  жұмыс жасауда және атқарылған шаралармен бүгінгі күні 12млн. теңге айыппұл өндіріліп, автокөліктер арнайы тұраққа орналастырылған.

Атап өту қажет тұраққа орналастырылғандың ішінде 1 автокөлік иесімен жасалған 181 құқық бұзушылық бойынша 3 591 265 теңге айыппұл төленбеген.

Сол сияқты топпен күнделікті сағ.18:00 мен 22:00 аралығында берешегі қалыптасқан борышкерлердің тұрғын үйлері араланып, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде және алимент төлеуден жалтарған 35борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Жұмысшы топпен жыл басынан алимент өндіру санатындағы атқарушылық құжаттар бойынша 11 млн. теңгенің және жәбірленушілер өтемақы қорына 5,6 млн. теңгенің өндірілуі қамтамасыз етілді.

Қазіргі таңда прокуратурамен құрылған топпен борышкерлерден берешекті өндіру және заңнамамен қарастырылған жауапкершіліктерін шешу жұмыстары жалғасуда.    

                                                      Қызылорда қалалық прокуратурасы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған