QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

БОЛАШАҚҚА БАТЫЛ ҚАДАМ – БІЗДІҢ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ByQAA.kz

Қыр 24, 2020

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысы бойынша праймеризге қатысушы үміткер Г.Х.ЖҰМАШЕВА: БОЛАШАҚҚА БАТЫЛ ҚАДАМ – БІЗДІҢ ПАРЫЗЫМЫЗ!

1961 жылы 4 ақпанда Ақтөбе облысы Мартук ауданы Андреевка ауылында көпбалалы, мұғалімдер отбасында дүниеге келген.

Білімі: 1982-1988 жж. Ақтөбе Мемлекеттік медицина институты «Емдеу ісі»; 2004-2006 жж. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ «Экономика бакалавры»; 2013-2015 жж. Болашақ университеті «құқықтану»; 2017-2020 жж. Мәскеу қаласы РАНХиГС «Менеджмент» мамандығы бойынша магистр.

Қызмет өтілі: 1978-1981 жылдары облыстық балалар ауруханасы санитарка; 1989-1996 жылдары интернатурадан кейін облыстық денсаулық сақтау басқармасының жолдамасымен №3 қалалық емханасында бөлімшелік акушергинеколог дәрігері; 1996-1998 жылдар аралығында емхананың бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары; 1998-1999 жылдары облыстық денсаулық сақтау басқармасында реформалау, маркетинг және информатизация бөлімінде жетекші маман; 1999-2001 жылдар аралығында халыққа медициналық көмекті ұйымдастыру және мамандармен жұмыс бөлімінде бас маманы; 2001-2003 жылдар аралығында-облыстық денсаулық сақтау басқармасында бас акушергинекологы; 2003 жылдан бастап «Қызылорда қалалық перзентхана» МКҚК-ның бас дәрігері; 2016 жылдан қазіргі таңға дейін облыстық перинаталдық орталығының бас дәрігері қызметін атқарып келемін.

Қоғамдық қызмет: «Ана мен бала» БПҰ төрайымы, V-ші шақырылымының қалалық мәслихат депутаты, Қызылорда облысы бойынша Саясаткер әйелдер клубының мүшесімін.

Мемлекеттік наградалар: 2001 жылы «ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен; 2012 жылы «ҚР денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен; 2014 жылы «Еңбегі сіңген мемлекеттік қызметкер» орденімен; 2017 жылы «Шапағат» медалімен; 2018 жылы «Кәсіби еңбегі үшін» медалімен марапатталдым.

Өзімнің өмірлік, кәсіби және қоғамдық тәжірибеме сүйене отырып, көшбасшы партиямыз «Nur Otan»-ның праймеризіне қатысуға шешім қабылдадым.

32 жылдан бері облыста денсаулық сақтау саласында аянбай еңбек етіп, 2001 жылы “ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі” марапатына ие болдым. Жоғары санатты дәрігер– ұйымдастырушы, жоғары санатты акушергинеколог дәрежесіне жетіп, 2003 жылдан қалалық перзентхананы, 2016 жылдан бері Қызылорда облыстық перинаталдық орталығын басқарып келемін.

Жұмыс жасау барысында Орталық ұжымының қызметін жоғары дәрежеде ұйымдастыра білуіміздің бірден бір нышаны – ана мен нәресте өлім көрсеткішін төмендетуіміз деп сендіре аламын. Барлық Халықаралық стандарттарды, озық технологияларды ендіру арқасында экстремалды аз салмақтағы жаңа туған нәрестелер арасындағы өміршеңдік 27 пайыздан 65 пайызға дейін ұлғайып, неонаталдық өлім-жітім 65 пайызға төмендеді.

Негізгі қызметіммен қатар қоғамдық өмірге де белсене араласып, партиялық белсенділіктен де қол үзген емеспін: 2012 жылдан бері облыс орталығындағы бастауыш партия ұйымына жетекшілік етіп, 2012–2016 жылдары қалалық мәслихат депутаты болып, сайлаушыларымның сенімінен де шықтым.

Қызылорда қаласының №4 «Абай» сайлау округі бойынша депутаттық мандатты иемденген тұсымда округтің 30-ға жуық көшелерінің (барлығы 48 көше) жөндеуін, 2 жалпы мектеп пен Ж.Бахадүр атындағы дарынды балаларға арналған спорт-интернат ғимараттарына түрлі жөндеу жұмыстары мен материалдық-техникалық базасын нығайту шараларын ұйымдастыру, ауласпорт алаңдарын салу мен түрлі өмірлік қиын жағдайларға түскен отбасыларға әлеуметтік жәрдем көрсетілген болатын.

Өркениетке бет бұрған еліміз үшін қашанда денсаулық, тұрғындарды әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері алғашқы орында. Сол себепті «Nur Otan» партиясының Қызылорда облысы бойынша бағдарламасындағы «Әлеуметтік бағдарланған аймақ» атты ІІІ басымдығында белгіленген міндеттерді толыққанды әрі барынша тиімді тетіктер арқылы жүзеге асыруға күш-жігерімді саламын. Оның ішінде, әрине, бүкіл саналы өмірімді арнаған салаға басымдық танытып, келесі бағыттарды өзімнің негізгі міндеттемелерім ретінде белгілеп отырмын.

Елімізде, әлемде белең алған пандемиядан шығу – бүгінгі таңдағы ұлттық маңыздағы мақсат ретінде қалыптасып – дереу, әрі ұтымды шаралар қабылдауды қажет етіп отыр. Жаһандық экономикалық дағдарыс тұтқиылдан соғып, бұрын-соңды болмаған нарықтық белестен асқалы отырмыз.

Осы орайда, кезек күттірмес бірқатар шаралар іске асырылуы қажет:

– Вирусология ғылымын дамытуға ден қойып, індеттің мутациялануының барлық жолдарын ескере отырып, елде вакцина дайындауды жолға қою керек.

– бас-аяғы жартыжылдың ішінде маңыздылығы күрт өскен санитарлық– эпидемиология функцияларын (СЭС) кеңейту жолдарын нақтылап, мамандарды қайта даярлау, зертханалар функционалын жандандыруға міндеттіміз. Бұл тұрғыда да бар тәжірибем мен ынта-жігерімді салып, елге төнген қауіпті еңсеруге дайынмын.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған