QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Біз әр баланың үніне құлақ асуымыз қажет — Тоқаев

Автор:QAA.kz

Ноя 20, 2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды бүкіләлемдік балалар күнімен құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентттігі. 

«Бүгін бүкіл әлем балалар күнін атап өтеді. Балалардың құқығын, денсаулығын сақтау, жас ұрпаққа білім беріп, дамыту – біздің басты мақсатымыз. Біз Қазақстандағы барлық балалардың бақытты болашағын қамтамасыз етуіміз керек. Біз әр баланың үніне құлақ асуымыз қажет», — деп жазды Тоқаев Twitter-де. 

Айта кетейік, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы бүкіләлемдік балалар күнін тойлауды 1954 жылы қабылдаған болатын. Бұл айтулы күн 20 қарашада аталып өтіледі. 

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *