QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

«Birgemiz: Bilim» жобасы Сыр елінде

ByQAA.kz

Шіл 27, 2020

Үстіміздегі жылдың наурыз айынан бастап Ақпараттық және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды дамыту орталығының қолдауымен, «Сана» зияткер жастар мектебі» қоғамдық қорының жүзеге асыруымен Қызылордада жалпыұлттық «BIRGEMIZ: BILIM» жобасы өз бастауын алды.

          Мақсат – «BIRGEMIZ: BILIM» жобасының аясында Қызылорда облысының ауылдық орта білім беру мекемелерінің жоғары сынып оқушыларына (8-11 сынып) арналған ҰБТ-ға, олимпиядаларға және ғылыми-интеллектуалды байқауларға қатысу, компьтерлік және құқықтық сауаттылық, ағылшын тілін үйрету бойынша қосымша дайындық сабақтарын ұйымдастыру.

Жоба кімдерге арналған және кімдер қатыса алады?

Қызылорда облысының барлық ауылдық орта мектептердің жоғары сынып оқушыларына (8-11 сынып) арналған. Жобаға волонтерлар, қоғамдық ұйымдарының белсенділері, білікті мамандар, кәсіби мұғалімдер және студенттер қатыса алады.

Жобаның бағыттары:

  • ҰБТ-ға арналған дайындық сабақтары;
  • Олимпиядаларға және ғылыми-интеллектуалды байқауларға қатысуға арналған қосымша сабақтары;
  • Компьтерлік сауаттылық бойынша қосымша сабақтар;
  • Құқықтық сауаттылық бойынша қосымша сабақтар;
  • Ағылшын тілін үйрету бойынша дайындық сабақтары;

          Жобаны тиімді жүзеге асыру үшін Қызылорда облыстық білім басқармасына  хат жолданып, әріптестік байланыс орнатылды.

Қызылорда облысына қарасты жеті аудандарда арнайы өкіл супервайзерлер тағайындалды. Олар аудандық деңгейде жобаның ақпараттандырылуын және тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.Арнайы кәсіби мамандар арасында комиссия анықталып, ниетті волонтерлардан келіп түскен 234 өтініштерді сараптау арқылы, комиссия шешімімен 5 бағыт бойынша 100 волонтер іріктеліп алынып, волонтерлар тізімі жасақталды. Іріктеуден өткен волонтерларға арнайы мамандар, тренерлер Аймаханова Назира Кенжебекқызы және Жақсылықова Аида Ерсеріковна  негізгі міндет пен 5 бағыт бойынша онлайн форматта оқыту курстарын өткізді.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған