QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

«Birgemiz: Bilim»: Қызылорда облысы бойынша құқық бағыты жүзеге асырылды

Автор:QAA.kz

Июл 31, 2020

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КАҚ Волонтер жылында жүзеге асатын 7 бағыттың «Birgemiz: Bilim» бағыты бойынша республиканың барлық аймақтарына арналған грандтық, конкурс жариялаған болатын. Конкурс қорытындысы бойынша Қызылорда облысында жобаны  «Сана» зияткер жастар мектебі» ҚҚ жүзеге асырады.

«Birgemiz: Bilim»жобасының мақсаты орта мектептердің арналған дайындық сабақтар, ағылшын тілін, компьтерлік және құқықтық жоғары сынып (8-11 сынып) оқушыларына ҰБТ-ға және олимпиадаларға сауаттылықты оқыту курстары бойынша волонтерлік көмек көрсету.

Жобаның мақсатын түсіндіру аясында Қызылорда қаласында және Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі, Сырдария, Жалағаш, Жаңақорған ауданында ZOOM  плотформасы арқылы волонтер мұғалімдермен кездесу өтті. Кездесу барысында 200-ге жуық волонтер қамтылды.

Ағымдағы жылдың мамыр айының 4-і  және шілде айының 31-і аралығында , жоба аясында Құқық сауаттылығы бағытында сабақ  өтілді. Бұл міндетті іске асыру үшін  20 волонтер жұмылдырылды. Жобаны қамту-өңір бойынша 200 оқушы қатысты. 16 академиялық сағат қамтылды. Жобаға атсалысқан волонтерларға 20 рюкзак пен арнайы нұсқаулық, қойын дәптер, флешка берілді.

«Birgemiz: Bilim» жобасы «Сана» зияткер жастар мектебі»  қоғамдық қорының қолдауымен жүзеге асты.

Мен,Сағатұлы РинатСырдария ауданы, Айдарлы ауылы тұрғынымын. Қазіргі, таңда 10 сынып оқимын. «Birgemiz bilim» жобасы бойынша Құқық сауаттылығы  бағытында білім алдым. Сабақ барысында ұстазымыз берген сабақ бізге, пайдасы көп тиді. Оқушылармен онлайн оқысақта сабақ түсінікті түрде жүргізілді. Жоба оқушыларға білімдерін тереңдетуге мүмкіндік берді. Қатысып білім алғаныма қуаныштын.  Жобаға, ұстаздарға үлкен алғыс білдіремін.         Мен, Қанзада Алтынай. Жоба аясында Қызылорда облысының ауылдық жерлердегі жоғары сынып оқушыларын ҰБТ-ға арналған дайындық сабақтарын жүргізілуде. Барлық дәрістер онлайн форматта өткізілуде. Оқушылардың тізімі алынып дәрістер жүргізілуде.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *