Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КАҚ Волонтер жылында жүзеге асатын 7 бағыттың «Birgemiz: Bilim» бағыты бойынша республиканың барлық аймақтарына арналған грандтық, конкурс жариялаған болатын. Конкурс қорытындысы бойынша Қызылорда облысында жобаны  «Сана» зияткер жастар мектебі» ҚҚ жүзеге асырады.

«Birgemiz: Bilim»жобасының мақсаты орта мектептердің арналған дайындық сабақтар, ағылшын тілін, компьтерлік және құқықтық жоғары сынып (8-11 сынып) оқушыларына ҰБТ-ға және олимпиадаларға сауаттылықты оқыту курстары бойынша волонтерлік көмек көрсету.

Жобаның мақсатын түсіндіру аясында Қызылорда қаласында және Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі, Сырдария, Жалағаш, Жаңақорған ауданында ZOOM  плотформасы арқылы волонтер мұғалімдермен кездесу өтті. Кездесу барысында 200-ге жуық волонтер қамтылды.

Ағымдағы жылдың тамыз айының 4-і және қазан айының 31-і аралығында, жоба аясында Компьютерлік сауаттылық  бағытында сабақ  өтілді. Бұл міндетті іске асыру үшін  20 волонтер жұмылдырылды. Жобаны қамту-өңір бойынша 200 оқушы қатысты. 56 академиялық сағат қамтылды. Жобаға атсалысқан волонтерларға 20 рюкзак пен арнайы нұсқаулық, қойын дәптер, флешка берілді.

«Birgemiz: Bilim» жобасы «Сана» зияткер жастар мектебі»  қоғамдық қорының қолдауымен жүзеге асты.

Мен, Өмірсеріков Нұрдәулет Қармақшы ауданы, Ақтөбе ауылының тұрғыны, 11 сынып оқушысымын.  Жоба негізіндекомпьютерлік сауаттылық бағыты бойынша оқып шықтым.  Өзімнің білмеген  компьютерлік  технологияларды жетілдіре түстім. Информатика пәні бойынша бағаларымды жөндедім.  Жобаға үлкен алғысымды білдіремін.

«Birgemiz Bilim» жобасына қосылып, облысымыздың ауылды аймақтарының жасөспірімдерінің дамуына, олардың білімін жетілдеруге кішкене болса да үлес қосып жатқаныма өте қуаныштымын және бұл ісімді мақтан тұтамын. Бұл жобаның бізге, ісіресе, жастарға берері мол. Мен үшін бұл жоба үлкен тәжірибе және бұл жобадан менің аларым да, үйренім де бар.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here