QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

«Birgemiz: Bilim» : ҰБТ бағыты жүзеге асырылды

Автор:QAA.kz

Окт 25, 2020

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КАҚ Волонтер жылында жүзеге асатын 7 бағыттың «Birgemiz: Bilim» бағыты бойынша республиканың барлық аймақтарына арналған грандтық, конкурс жариялаған болатын. Конкурс қорытындысы бойынша Қызылорда облысында жобаны  «Сана» зияткер жастар мектебі» ҚҚ жүзеге асырады.

«Birgemiz: Bilim»жобасының мақсаты орта мектептердің арналған дайындық сабақтар, ағылшын тілін, компьтерлік және құқықтық жоғары сынып (8-11 сынып) оқушыларына ҰБТ-ға және олимпиадаларға сауаттылықты оқыту курстары бойынша волонтерлік көмек көрсету.

Жобаның мақсатын түсіндіру аясында Қызылорда қаласында және Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі, Сырдария, Жалағаш, Жаңақорған ауданында ZOOM  плотформасы арқылы волонтер мұғалімдермен кездесу өтті. Кездесу барысында 200-ге жуық волонтер қамтылды.

Ағымдағы жылдың маусым айының 1-і және қазан айының 31-і аралығында, жоба аясында ҰБТ бағытында сабақ  өтілді. Бұл міндетті іске асыру үшін  20 волонтер жұмылдырылды.Жобаны қамту-өңір бойынша 200 оқушы қатысты.56 академиялық сағат қамтылды. Оның ішіеде математикалық сауаттылық 20 сағатты, қазақтан тарихы 20 сағатты, оқу сауаттылығы 16 сағатпен қамтылды. Жобаға атсалысқан волонтерларға 20 рюкзак пен арнайы нұсқаулық, қойын дәптер, флешка берілді.

«Birgemiz: Bilim» жобасы «Сана» зияткер жастар мектебі»  қоғамдық қорының қолдауымен жүзеге асты.

Мен, Мергенбаев ДулатАрал ауданы, Жақсықылыш кентітұрғынымын. Қазіргі, таңда 11 сынып оқимын. «Birgemiz bilim» жобасы бойынша ҰБТ бағытында білім алдым. Мен бұл жобадан  алдағы уақытта келетін тестке дайындық жақсы болды, өзіме керек біраз ақпараттарды  үйрендім. Жоба өзімнің сабағыма қосымша болып, карантиндік жағдайда көптеген көмегі тиді. Ұстаздар білгенімізді егжей-тегжей түсіндіріп, барынша дайындады. Жобаға үлкен алғыс білдіремін.

Мен Мұстафа Нұрхан. Маған бұл жоба үлкен сенім берді. Себебі, жобадағы оқушылардың білімге деген қызығушылығы өте жоғары. Оқушылардың сол мүддесінен шығу бізге үлкен сенім береді. Бұл жоба менің арманымды орындады десем де болады. Өйткені, ауылдық жерден оқушылардың математикалық сауаттылығын қалай көтеремін деген сұрақ көптен мазалайтын. Осы жоба сол мақсатымды орындауға себеп болды.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *