QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Бір жыл бір күндей болмайды

Автор:QAA.kz

Окт 20, 2021

Қала әкімі Ғанибек Қазантаев қала жастарының әскерге деген қызығушылығының төмен екенін, оларға патриоттық жігер жетіспейтінін әр жиын сайын айтуда. Осы орайда қалалық ішкі саясат бөлімі де жастардың патриоттық сезімін ояту барысында түрлі шаралар мен бәсекелер ұйымдастыруда. 

Бұған дейін де қаладағы 324 мың тұрғынның 63 мыңы 14-29 жас аралығындағы жастар, яғни жастар қала халқының 19,5 пайызын құрайтыны айтылған еді. Жастар саясатын дамыту мақсатында 7 жобаға 15 млн 899 мың теңге бөлінген болатын. Сол жобалардың ішінде жастар арасындағы патриоттық сезімді ояту, әскери қызметке баулу мақсатында атқарылатын шаралар да бар. Мәселен, жастарды әскерге шақыру бойынша бейнероликтер әзірленіп, әскерден келген сарбаздармен сұхбат, тікелей эфирлер ұйымдастырылады және «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының штабы құрылады. Одан бөлек, жыл соңында қала әкімінің қатысуымен «Міндет. Абырой. Ерлік» тақырыбында қалалық әскери-патриоттық форум ұйымдастырылатыны тілге тиек етілген еді.

 Осымен тағы бір топ борышын өтеуші әскерге барып, еліне адал қызмет қылмақ ниетін танытты. Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған Сыр ұландары еліміздің қарулы күштер қатарын толықтырады.

Сыр жастарын әскерге шығарып салуға арналған салтанатты шарада  «Ерлік» үйлестіру кеңесінің төрағасы Қайреддин Баймаханов, «Қарулы Күштердің ардагерлері» РҚБ Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы, запастағы подполковник Мыңділда Ршауов, қалалық жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және құқық қорғау органдарымен байланыс бөлімінің басшысы Айдын Тныштықбай және қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы, полковник Алмас Чункунов жас ұландарға Отан алдындағы борышын өтеу жолында сәттілік тіледі.

Осы күні әскерге 60-қа жуық қызылордалық сарбаз аттанды. Күзгі әскерге шақыру науқаны желтоқсан айының соңына дейін жалғасып, 240 қызылордалық өрен әскер қатарын толықтырмақшы.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *