QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Білгір оқушылар әкіммен кездесті

ByQAA.kz

Жел 15, 2020

Елімізде Тұңғыш Президент қорымен «Ел үміті» жобасы әзірленген болатын. Жобаның мақсаты еліміздің жас болса да бас болып жүрген, білімді, үлгілі жастарын қолдау болып табылады.

Осыған орай елдің барлық аймағында «Мың бала» Ұлттық Зияткерлік олимпиадасы ұйымдастырылған болатын. Аталған жарысқа қалаға қарасты ауылдық елдімекендерден 5-6 сынып оқушылары қатысып, байқаудан жүлделі орындар иеленді.

Біздің оқушылар жарысты қортындылап, өздерінің мақсатын жүзеге асырып, білім биігінен көріне білді.

Додада топ жарған жас жеткіншектерді қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев арнайы қабылдап, сыйлықтар табыс етті.

Әкімшіліктің аппараттық залында бас қосқан оқушылардың расында алғырлығы, үлкен өмірге деген толыққанды көзқарасы сезіледі. Әкім қолынан ноутбук пен мақдақтама алып, өздерінің жылы лебізінде білдірді.

Жиналған оқушылар өздеріне білім берген ұстаздары мен мектеп ұжымына және қолдау білдірген әкімдікке алғыстарын жеткізді.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған