QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Әбіқалықова ескі жобаларды жаңғыртады ма?

ByQAA.kz

Шіл 30, 2020

Облыс әкімі брифингте өңір экономикасын қайта қалпына келтіру аясында атқарылып жатқан шараларға да тоқталды. Оның айтуынша «Экономикалық жағдайды ескере отырып, облыстың 2020 жылға арналған бекітілген бюджеті қайта қаралып, 2,2 млрд. теңге бюджет шығыстары қысқартылды. Экономиканы қайта қалпына келтіру жөніндегі облыстық жоспар бекітілді. Жоспарға сәйкес жергілікті жолдарды жөндеу, су және жылу жүйесін жаңғырту, энергиямен қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын ашу, ауыл шаруашылығы және әлеуметтік саланы дамыту бағытында шаралар жүзеге асырылатын болады. Сыр өңіріндегі экономиканың негізгі қозғаушы күші ауыл шаруашылығы саласында да тың серпін бар. Үстіміздегі жылы облыс бойынша 184,7 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Өңір экономикасын қайта қалпына келтіру аясында өңірге жаңа инвестициялар тартылуда. Атап айтсақ, құны 1,5 млрд. теңге болатын жылына 130 тоннаға дейін түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіретін цех құрылысы, құны 3 млрд.теңге болатын жылына 180 мың тонна тұз өндіретін үшінші испандық цехтың құрылысы. Екі жоба да Арал ауданында жүзеге асырылады. Мұнымен қоса, 2020 жылдың екінші жартыжылдығында Арал ауданында кальцийленген сода, Қызылорда қаласында шыны пластик құбырлар шығаратын зауыттар мен Жаңақорған ауданында күн электр станциясының құрылысы басталады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, жыл соңына дейін 3 өндіріс іске қосылады деп жоспарлануда. Олар, Қызылорда қаласындағы шыны зауыты, Арал ауданында кварц құмын байыту бойынша тау-кен байыту комбинаты (бірінші желісі) және Қармақшы ауданында құс фабрикасы”.

P.S. Айта-айта әкімдер де, ел де шаршаған шыны зауыты сияқты жобалардың биылғы жылдың соңына іске қосылатындығына елдің әлде де күмәні бар.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған