QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

БЕС АЛТЫН ЕРЕЖЕНІ САҚТАҢЫЗДАР!

ByQAA.kz

Қаң 21, 2021

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы
Пазилов Сәбит Бексейітұлы: БЕС АЛТЫН ЕРЕЖЕНІ САҚТАҢЫЗДАР!

Құрметті тұрғындар!
Біздер аталған індетпен күресте, оны жою жолында
Антымызға адал еңбек ете бермекпіз. Ал Сіздерді әлі де
болсын сақтық шараларын қатаң сақтап, індетпен күресуге
жұмыла атсалысуға шақырамын!
Осы ретте Сіздерден «Covid-19» жұқтыру қаупін төмендету үшін «БЕС
АЛТЫН ЕРЕЖЕні» ұстануды сұраймын:

  • Қоғамдық орындарға бармаңыз!
  • Қол алыспаңыз, құшақтаспаңыз, сүймеңіз!
  • Бетпердені киіп жүріңіз!
  • Қолыңызды жиі жуып жүріңіз!
  • Қашықтықты сақтаңыз!

Қазіргі таңда дүниежүзінде пандемияның екінші кезеңі жүріп жатыр. Аймағымызда Мемлекет басшысының індеттің жаппай таралуының алдын алуға қатысты тапсырмаларына сәйкес, облыс әкімінің бақылауымен арнайы іс-шаралар қабылданып, жүйелі жұмыстарды жүргізу жалғастырылуда. Өңірімізде «COVID-19» инфекциясымен бүгінгі күнге дейін (15 қаңтар 2021 жыл) барлығы 3463 адам тіркелді.
Оның 220-сы 14 жасқа дейінгі балалар болса, 3243- і ересектер. 80 науқас бақылауда, 17-і стационарда, оның 1-уі 14 жасқа дейінгі бала, үй жағдайында – 63, оның 12-сі бала. Тіркелгендердің 97,3 пайызы (3368) жазылып шықты.

Бүгінгі күні аймағымызда барлығы 210 инфекциялық төсек-орын жұмыс жасауда. Оның 38-і реанимациялық төсек-орын. Сонымен қатар коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастармен
қарым-қатынаста болғандарды оқшаулау мақсатында
30 карантиндік төсек орындары ұйымдастырылды.
Ахуал күрделенген жағдайда, облыста барлығы
қала және аудандарды қосқанда 3200 төсек-орын
ұйымдастыруға мүмкіндігіміз бар. Сонымен қатар,
жалпы құны 6,3 млрд теңгені құрайтын модульдік
аурухана құрылысы аяқталып, пайдалануға берілу
үшін құжаттары рәсімделуде. Бүгінгі күні облысымызда 251 өкпені жасанды желдету аппараты, 682 оттегі концентраторы, 518
оттегімен қамтамасыз етілген төсек-орындар жұмыс жасауға дайын. Өңірімізде көп бейінді облыстық ауруханасы мен Қазалы ауданында 2 оттегі станциясы орнатылды. Өткен жылы медициналық
мекемелер 4 флюро және 6 стационарлы рентген аппаратымен толықтырылды.


Медициналық көмектің уақытылы және сапалы
көрсету көрсеткіштерінің бірі – жедел-жәрдем қызметі
екені барлығымызға мәлім. Бүгінгі таңда облыс
бойынша 79 жедел-жәрдем бригадалары халыққа
қызмет көрсетуде. Облыстық медициналық жеделжәрдем стансасының санитарлық автокөліктерін жаңарту мақсатында республикалық бюджеттен лизинг арқылы 40 санитарлық автокөліктер қараша айының бірінші жартысында толықтай
жеткізілген болатын. Одан бөлек 2 жылжымалы
медициналық кешен кілттері Жалағаш, Қармақшы
аудандық ауруханаларына тапсырылып, қазіргі таңда
халық игілігін көруде.Эпидемия кезіндегі сақтану
шараларының толыққандығын қамтамасыз ету
мақсатында жеке қорғаныш заттарының 2 айлық
қоры жасақталды. Барлық ауруханалар 100%
таза және лас аймақтарға бөлінген. Медициналық
ұйымдардың барлығында бөлек фильтрлар, оқшаулау бөлмелері, әлеуметтік арақашықтық сақтау, санитайзерлерді орнату 100%-ды құрайды.

Мамандар тапшылығын жою мақсатында
аймағымыз 109 жас маманмен толықты және індетпен
күреске 3500 медицина қызметкерлерінің резерві
құрылды.

Облыста 9 ПТР аппараты жұмыс жасап,
тәулігіне 1200-1300-ден астам сынама алынуда. Қажеттілік туындағанда зерттеу санын 1900-ға дейін жеткізуге мүмкіндік бар. Облыста 2021 жылдың I жартыжылдығынан бастап коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау жұмыстарына дайындық жүргізілуде. Вакцина арнайы сақтауды қажет етеді. Сол мақсатта медициналық мекемелерде вакцинаны сақтау және тасымалдау
жұмыстарына аймақтан 43 млн. теңге қаржы бөлінді.
Вакцинациялау 80 мың адамға жүргізіледі деп
күтілуде. Бұл жұмыстар ақпан айының 20-сынан кейін
кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.

Бұл шаралар коронавирустың кең таралуын барынша азайтуға, тұрғындардың өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.


Пазилов Сәбит Бексейітұлы
облыстық денсаулық сақтау басқармасының
басшысы

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған