QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

ӘБДІҚАЛЫҚОВАНЫҢ «ТӨСЕК ОРНЫ» НЕГЕ АЗАЙМАЙДЫ?..

ByQAA.kz

Шіл 30, 2020

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова пандемиямен күрес бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен аймақтың экономикалық ахуалы жөнінде брифинг өткізді. Оның айтуынша, «жалпы аймағымызда коронавирус індетімен сырқаттанған 2 859 адам тіркелді. Осы күнге дейін науқастардың 1965-і, яғни 69%-ы жазылып шықты. 7 науқас қайтыс болды. Эпидмаусым басталғанда облыста барлығы 976 төсек орын дайындалды. Оның 135-і инфекция, 241-і провизор, 600-і карантиндік орын. Бүгінгі күні олардың саны 2405-ке артты. Қажеттілік туындаған жағдайда 500 төсек орын резервіміз бар. Оның ішінде инфекциялық 200 және провизорлық 300 орын әзірленді. Облыста 6 компьютерлік томограф қызмет көрсетеді. Оның 4-еуі облыс орталығында, 2-еуі ауданда орналасқан. Қосымша аппарат алуға демеушілерді тарту мәселесі қарастырылуда. Өңірде 52 рентген аппаратының 20-ы облыс орталығындағы, 32-сі аудандардағы медицина мекемелерінде қызмет көрсетеді. 107 өкпені жасанды желдету аппараты (ИВЛ) бар. Денсаулық сақтау министрлігіне 192 өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратына тапсырыс берілді. Сонымен қатар, 153 оттегі концентраторы бар. «Шұғыла» қоғамдық қоры тарапынан 200 дана оттегі аппараты жеткізілді. COVID-19 инфекциясына қарсы күрес шараларына тартылған 2407 медицина қызметкеріне қаржылай қолдау мақсатында пандемия кезеңінде 4 айда 1 млрд 117,6 млн. теңге төленді. Сондай-ақ, облыстың барлық емдеу мекемелері бірінші типтегі костюмдермен, қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіліп, қажетті бекітілген 26 түрлі дәрі-дәрмектің 2 айлық қоры қалыптасты. «СК Фармациядан» келетін барлық дәрі-дәрмектің 100 пайызы келді. Ал, дәріханаларда 1 айға жетерлік дәрі қоры қалыптасты. Бүгінгі күні сұраныстағы дәрілер 100% сатылымда бар».

P.S. Ресми ақпараттар бойынша елімізде COVID-19 және пневмониямен ауырғандардың саны азаюына орай, емдеу орындары жабылуда, әрі керуеттер саны да қысқаруда. Мәселен, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды облыстарында, Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларында бірқатар емдеу орындары жабылса, Маңғыстау облыстық ауруханасында 150, Жаңаөзеннің қалалық ауруханасында 100, Бейнеу ауруханасында 30, Түпқараған аудандық ауруханасында 25, аудандық ауруханада 50, сондай-ақ Павлодар облысында да керуеттер саны қысқарған. Облыс әкімі Әбдіқалықованың айтуынша “қажеттілік туындаған жағдайда 500 төсек орын резервіміз бар”. Демек, ауру азаймайды ма?

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған