2021 ж. Сәуір 14

ӘБДІҚАЛЫҚОВАНЫҢ ӘКІМДЕРІ ӘЛЕУЕТТІ МЕ?

Жыл өтті, бірақ пандемия әлі де аяғын тартар түрі жоқ. Сондықтан тұрғындар саулығы, жұқпалы індеттің таралуын болдырмаудың тиімділігін арттыру бірінші міндет болып қала береді. Бізде жағдай тұрақты, медицина ұйымдары штаттық режимде жұмыс істеп жатқанымен, індеттің өршуі мүмкін екенін естен шығармай, әрдайым әзір болуымыз керек. Негізінен алғанда, сақадай саймыз, бірақ алаңдаушылығым басым. Карантин талаптарының жұмсартылуы жұртшылықтың сақтық шараларына бейжайқарауына әкеп соқтырады, ал бұл ауруды өршітеді. Сондықтан ковид диссиденттермен де күресу керек. Биыл біз 48,5 млрд.теңгеге тағы 4 ірі индустриялық жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз. Бұл 500-ден астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, азық-түлік өнімдерін өндіруге бағытталған Қармақшыдағы құс фабрикасы мен Арал ауданындағы түйе сүтінен құрғақ сүт дайындау өндірісі. Сонымен қатар, Жаңақорған ауданындағы «Шалқия» қорғасын мырыш кен орнында кен байыту комбинатының және Арал ауданында кальцийлендірілген сода зауытының құрылысын бастаймыз. Қазірдің өзінде ірі зауыттар айналасында байланысты салалар құру мәселесімен айналысудамыз. Мысалы, кальций- лендірілген сода зауыты айналасында ас содасы, жуғыш заттар мен еріткіштер шығаратын өндіріс орындарын құрамыз. Соңғы 5 жылда ауылшаруашылық секторының ЖӨӨ-дегі үлесі 4%-ке дейін өсті. Бұл тек соңғы бір жылдың көлемінде екі еседен астам өскен инвестицияның жоғары қарқынымен байланысты.
Биыл бұл көрсеткіш одан да жоғары болады деп жоспарлап отырмыз. Қазірдің өзінде 53 миллиардтан астам теңгеге 66 инвестициялық жоба бойынша жұмыс жүргізілуде. Біз шетелдік инвесторлармен белсенді жұмыс жасаудамыз. Атап айтсақ, чехтармен сыра, сусындар мен шырындар өндірісі бойынша, моңғолиялық инвесторлармен өнімдерді одан әрі экспорттай отырып, тері мен жүнді қайта өңдейтін кәсіпорындармен жұмыс жасаймыз. Қытайлық кәсіпкерлермен күріш сабанынан целлюлоза өндіру жобасы басталды. Мал шаруашылығын дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүруде. Басты міндет – мал өсіруде жайылымдардың тиімділігін арттыру. Ол үшін бос жатқан жайылымдардағы су көздерін біртіндеп жөндейтін боламыз. Осылайша, 1,7 миллион гектардан астам жайылымдық жерді іске қосамыз. Денсаулық сақтау саласында аудандық орталық ауруханаларды салу мәселесі шешімін тапты. Ендігі міндет – алғашқы медициналықәлеуметтік көмек нысандары мәселесі. 2024 жылға дейін біз 62 нысанды жаңартып, осылайша бұл мәселені де шешуді жоспарлап отырмыз. Экономиканың мұнайға тәуелділігі әлі дежоғары. Қолданыстағы кен орындары сарқылуға таяу екенін ескере отырып, жаңа кен орындарын барлау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Сонымен қатар, өндіріс секторына, кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын дамытуға басымдық береміз. Бұл – менің ойымша, ең перспективалы бағыттар. Әлеуетіміз өте жоғары. Инвестиция, оның ішінде шетелдік инвестицияларды тарту мақсатында біз 2 топ құрдық. Ішкі инвестицияларды тартуға жауапты топ облыстың экономикалық даму картасы шеңберінде көзделген жобалардың санын 265-тен, кем дегенде, 400 жобаға дейін ұлғайту бойынша жұмыс жүргізуде. Екінші топ өңірге шетелдік инвестицияларды тарту үшін Инвестициялық мүмкіндіктер бағдарламасын әзірлеуде. 2021 жылы алдымызға экономикаға тартылатын инвестиция көлемін кем дегенде екі есе арттыру міндетін қойдық. Бізде бастамашыл адамдар үшін кең мүмкіндіктер қарастырылған. Мұны аймақтың экономикалық даму картасын дайындау кезінде жасаған талдауымыз да растады. Сондықтан, барлығын бірге жұмыс жасауға шақырамын. Мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін ескере отырып, өз бизнесіңізді бастау онша қиын емес. Біз ондай адамдарды әрдайым қолдаймыз! Бірқатар мемлекеттік бағдарламалар бар, олардың аясында бизнес ашуға грант немесе несие алуға болады. Ең алдымен, түсіндірме жұмыстарына күш салынады. Қажет болған жағдайда білімін кеңейтіп, кәсіби мамандардан кеңес алуға, оқытудан өтуге көмек беріледі. Мысалы, бизнеспен айналысуға көпбалалы аналар көптеп тартылуда. Бүгінде облыс бойынша 28 мыңға жуық көпбалалы отбасы бар.

Мақсат – оларды тұрақты табыспен қамтамасыз ету. «Еңбек» бағдарламасы бойынша бизнес-идеяларды іске асыруға грант алған 5011 адамның 670-сі – көпбалалы аналар. Бүгінде олардың іс бастап, оның игілігін көруіне жол ашылды деп айта аламыз. Сыр Елі концепті негізінде біз білімімізді тереңдетіп, қазақ мәдениетін дәріптеуге күш саламыз. Ол үшін Youtube платформада «Сыр шаңырағы», «Сыр қоғамы», «Сыр бірлігі», «Сыр жастары», «Сыр спорты» арнайы арналары ашылды. Сыр елі арқылы біз еліміздің қалыптасуы мен дамуында Қызылорда облысының ерекше үлесін көрсеткіміз келеді, өйткені Сыр Елі – қазақ ұлтының қалыптасуында айрықша рөл атқаратын құтты мекен.


(Жергілікті басылымға сұхбатынан)

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған