QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Әбдіқалықова президентке не баяндады?

ByQAA.kz

Қаз 23, 2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады. Кездесуде аймақ басшысы өңірдегі соңғы 9 ай қортындысы және Қызылорда облысының  2023 жылға дейінгі экономикалық даму жоспарының әзірленіп жатқандығы туралы мәлімет берді.

Мемлекет басшысының қабылдауында болған Әбдіқалықова биылғы егін науқанындағы біршама жетістіктерге тоқтала кетті. Ең жақсысы, 15,5 мың гектар жерден өндірілген биылғы егін қоры 511,3 мың тоннаға жетіп, едәуір жоғары көрсеткішке қол жеткізілді.

Сонымен қатар, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 9 000-ға жуық жұмыс орындары ашылған. Бұл істің жүзеге асырылуына 38 млрд. теңге қаражат тартылған.

Аймақтың 2023 жылға дейінгі экономикалық даму жоспарына сәйкес өңірде 4610 қосымша жұмыс орны ашылмақ. Бұл жобаларға жалпы құны 271 млрд. теңге қаржы бөлінбек.

Қазіргі уақытта құны 26 млрд. теңге болатын 110 жоба іске асырылуда. Қосымша 2000 тұрақты жұмыс орнын ашу көзделуде.

Коронавирус індетінің күзгі толқынына қызу дайындық жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытты жағдай қалыпты. Індет көрсеткіші ушыққан жағдайда 21 жұқпалы аурулар стационарында қосымша 3200-ге жуық төсек орнын қамдауға мүмкіндік бар.

Сонымен қатар, аймақта 200 орындық модульды аурухана құрылысы басталған. Құрылыс осы жылдың желтоқсан айына дейін аяқталмақ.

Ел президенті аймақ басшысына кездесу соңында шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуді және экономикалық жобаларды әртараптандыруды тапсырды.

Ең бастысы, індетке байланысты өңірдегі ахуалды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

P/S: Аймақ басшысының төрағалығымен жақында болып өткен аппараттық мәжілісте өңірдегі тоғыз айдың тынысы сөз етілді. Жасалған жұмыстардың шикі тұсы да жоқ емес. Бұл жиында Гүлшара Наушақызы аудан әкімдеріне және облыстық басқармаларға тапсырма берген болатын.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған