QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

ӘБДІҚАЛЫҚОВА ЕРЛЕДІ!..

ByQAA.kz

Қаз 29, 2020

Биылғы көктемде аймаққа басшылыққа келіп, ел билігін қолға алған Г.Әбдіқалықованың облыс әкімі болғанына жалпақ жұрт жаппай қуанып, селкеусіз сенім артты десек, сенімсіз болар еді. О заманда, бұ заман әйел әкім болып, дүйім ел басқарғанды кім көрген. Көргенді айтпағанда, ойламаған да болар. Содан да Гүлшара Наушақызының әкім ретіндегі іскерлігіне, өндірісті, ауыл шаруашылығын алып кететіндігіне күмән білдіріп, дүрліккендер де болмай қалған жоқ. Айта кеткен жөн болар, олардың арасында бұрын ел басқарған ел ағалары да болды…

Асылында ақырын жүріп, анық басқанды ұнататын, жаратылысынан жасандылықты, жағымпаздықты жақтырмай, жәймен сөйлеп-ақ, қатты “айтатын” Г.Әбдіқалықова арада алты ай өткенде БАҚ-тар арқылы көктемнен бергі аймақта атқарылған ауқымды тірліктерді айтып, сұхбат берді. Әйел әкімге күмән білдіргендердің күдігі текке кеткендей. Әлгі айтқандай: “Жұрттың бәрі аң-таң”. Аймақтың әр саласындағы нәтижелі көрсеткіштер облыс әкімі мен оның командасының тынымсыз тірлігін айғақтап тұрғандай. Расында да “Балапанды күзде санайды».

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова пандемия жағдайына сәйкес онлайн режимде өтіп жатқан «Алтын дән-2020» шарасына қатысты.

Шарада аймақ басшысы ауыл шаруашылығы ел экономикасының қозғаушы саласы екенін және мемлекеттік қолдаудың арқасында өңірдің ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуында оң нәтижелер қалыптасқандығын тілге тиек етті. Сонымен бірге, Сыр дихандары пандемияға, егінге қажетті су тапшылығына қарамастан биылғы жылы әр гектарына орташа 61,8 центнерден өнім алып, 551 мың тоннадан астам Сыр күрішін ел қамбасына құйып, кезекті рекордтық көрсеткіштің жаңарғанын ерекше атап өтті.

Өңірде аграрлық салада өндірілген өнім көлемі 94,4 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 3,2 пайызға артты. Ал, ауыл шаруашылығына салынған инвестиция көлемі 1,8 есеге, тамақ өнімдерін өндіруге салынған инвестиция 1,6 есеге ұлғайды.

Биыл облыс бойынша барлығы 184,2 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, жалпы егіс көлемі соңғы бес жылда 16 мың гектарға көбейген.

С.БИХОЖА

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған