QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Батыстан індет келеді?..

Автор:QAA.kz

Янв 21, 2021

Үш күннен бері елімізде 1000 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Жасыл аймақта болған Қарағанды енді қауіпті сары
аймаққа енсе, жасыл аймаққа жаңадан Алматы шаһары қосылды. Сондай-ақ, НұрСұлтан мен Қостанай қалалары қызылаймаққа көшті.


Дәрігерлердің айтуынша бұл ушығуға жаңа жылдық ережеге бағынбай тойлағандар кінәлі.

Бүгінде елімізде 24 875 адам қауіпті індетпен күресуде. Ал 294 адамның жағдайы ауыр болса, 60 адамның хәлі тым мүшкіл. Оның үстіне 40 науқас жасанды тыныстандыру құрылғысына қосылған.

Біз күткен екінші толқын тағына мініп, елімізді ырқына көндіріп, жағдайды ушықтыруда. Оның үстіне Британияда анықталған ковидтің жаңа түрі енді Италия, Дания, Австралия, Исландия, Нидерланды және көрші Ресейге де тарап
үлгерді. Әу баста сезілмегенімен КОВИД індетінің атасы осы
Британиядан келген ауру дерсің. Бұл тұста мамандардың
жұмысы мүлде қиындап, қарт құрлықтан жеткен вирусқа
тоқтау бола аламыз ба деген сұрақ мазалайды. Оның үстіне
Британиядан келмек вирустың жұғу жылдамдығы 70 пайызға
немесе 1,5 есеге көбейген. Ал Бразилияның өзінде ковидтің
тағы да жаңаша түрі шығып, бразилиялықтарды жер бетінен
шапшаң өшіруде.


Еліміздің Бас санитарлық дәрігерінің айтуынша індетке
дайындалған төсек орындарының 30 пайызы толып кеткен.
Егер төсек орындардың 70 пайызы толатын болса мемлекет
бойынша қайтадан карантин жарияланбақ. Оның үстіне
жастардың басым бөлігі британдық вирусқа шалдығуда.
Алдыңғы толқынды вирустан қарттардың хәлі мүшкілдеп,
індеттен көз жұмған қариялар санында шек болмаса, жаңа
вирустың ақылдылығы сонша, енді ол өз күшін жастарға
бағыттаған. Демек, індеттің өзі адамдар ортасына бейімделіп,
түрлі ағзаның күшін сезініп, қайта-қайта жетілуде. Вирус
дамып, жетіліп, жаңа қалыпқа енуін тоқтатпаса келешекте
ит-құс пен төрт-түлікке де бағыт алып, жұқпасына кім кепіл?


Ақпан айынан бастап медицина қызметкерлері мен
педагогтарға екпе жасалмақ. Одан кейін жұқпалы ауры бар
науқастар және жастарға салынбақ. Бас санитар дәрігер
Цойдың айтуынша жыл соңына дейін 6 миллион адамға екпе
салынбақ.


Сарапшылардың болжауынша наурыз айында ковид
індеті әлдеқайда күшейіп, шарықтау шегіне жетпек. Немесе
күніне 3000-9000 аралығында науқастар тіркелмек.


Д.АМАНГЕЛДІ

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *