QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Батыр Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл

ByQAA.kz

Жел 22, 2020

Қызылорда гарнизонына қарасты Қызылорда қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасында Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл толуына орайәскери қызметшілердің ұл-қыздары арасында қашықтықтан эссе жазу конкурсы ұйымдастырылды.

Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен нормаларды сақтай отырып, жылдағы үрдіске сай басқарманың тәрбие және идеологиялық, әскери патриоттық жұмыстары жөніндегі қызметкерлерінің жетекшілігімен «Батыр Бауыржан» бұрышы да жасалынды. Аталған шара Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығына арналды. Мұнда, ақиық жазушылардың Баукеңнің қызмет барысы мен өмір жолын суреттейтін еңбектері, кітаптары, батыр туралы айтылған ой-пікірлері қойылды. Және де Бауыржан Момышұлының да өз қаламынан туған шығармалары, нақылға айналған ұтқыр сөздері және батырлық жайлы айтқан пікірлері орын тапты. Ұлы Отан соғысының ардагері, жазушы Бауыржан Момышұлының соғыс жылдарындағы жасаған ерліктері, халқына сіңірген еңбегі және қайсарлығы, батылдығы туралы өмірбаяны басқарма жеке құрамына баяндалды.

Сонымен қатар, Александр Бектің «Арпалыс» кітабы негізінде басқарма әскери қызметшілерінің ұл-қыздарының арасында қашықтықтан эссе жазу конкурсы өтті. Оқушылардың үйлерінде жазған шығармалары ұйымдастырушылар тарапынан тексеріліп, бағаланды. Барлық қатысушылардың туындылары дерлік марапатқа лайық. Бірақ-та, ұйымдастырушылардың жоғары бағасына ие болып, ерекше көзге ілінген кіші сержант Алтынай Аяғанованың қызы Қарақат Құлмағанбеттің жазған эссесі 1 орынға лайық деп танылды.

«Ұлы Отан соғысының ардагері, жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл толуын атап өтудің өзіндік мәнісі бар. Мұндағы мақсат, жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілік, батырлық сезімін қалыптастырып, жастарды елін, жерін құрметтеу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу болды», – дейді Қызылорда қаласының ҚІЖБ бастығының тәрбие және идеологиялық, әскери-патриоттық жұмыстары жөніндегі орынбасары, аға лейтенант Бағдат Ахимбеков.

Сайысқа қатысушы балалар Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының өмірімен шығармашылығын дамытуға, насихаттауға қосқан үлестері үшін басқарма басшылығы тарапынан алғыс хаттармен марапатталды.

Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы

сержант Мұхит Қонаров

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған