QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Бата жауған күн

ByQAA.kz

Сәу 15, 2021

Ұрпақтардың үнқатысуы мен сабақтастығын қамтамасыз ету, қоғамда ауызбіршілікті, патриотизмді, салт-дәстүрлер мен қарттарға құрметті нығайту мақсатында «Nur Otan» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясындағы «Жеңіс үшін мың алғыс Сізге, Майдагер!» атты танымдық шараға партияның жастар қанаты да белсенді үлес қосуда.
Жасотандықтар кәсіптік бағытта білім алушы жастардың тәжірибе жинақтауы мен олардың жұмыс күшін арнайы көмекті қажет ететін топтың мұқтаждығын қанағаттандыру мен жұмысшы мамандықтарды насихаттау мақсатында қолға алған жобалары аясында «Тігін өндірісі және модельдеу» мамандығының студенттері Бақытжан Мадина, Еркебай Балжан және Малдыбек Назеркемен арнайы төсек-орны жабдықтарын тігіп, қаламызды жалғыз басты қарттарға тарту етті.
«Nur Otan» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында, партияның облыстық филиалымен бастау алған бұл тағылымды шара негізінен сырбойылықтардың бойында Ұлы Отан соғысы қатысушыларының әскери және еңбектегі ерліктері үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру, аға буын ұрпаққа құрметпен қарауды қалыптастыру, сондай-ақ ұрпақтар арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету, ҰОС ардагерлерінің, тыл еңбеккерлерінің, жалғызбасты қарт адамдардың өмір сапасын арттыру арқылы әлеуметтік бейімдеу бағыттарында үлкен маңызға ие. Қазір өңіріміздің барлық аймақтарында, аталған партиялық жоба аясында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Біздер, жасотандықтар ардегерлерге деген құрметіміз бен ыстық ықыласымызды таныта беретін боламыз»,- дейді «Jas Otan» ЖҚ облыстық филиалының төрағасы Әлішер Қардашов.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған