2021 ж. Сәуір 14

БАСЫМДЫҚ БАҒАДА ЕМЕС,ТАБИҒИ ӨНІМДЕ…

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Қызылорда қаласының тұрғындары
үшін нарықтан төмен бағамен түрлі өнімдер ұсынылды. Ауылшаруашылық өнімдерінің қатарында күнделікті тұтынатын азық-түліктер топтастырылған. Мерекелік жәрмеңкеге ат басын бұрып, дорбалатып қайтқан жұрттың қарасы қалың болды. Олар баға да көңіл қуантарлық дейді.

Қала тұрғыны Алихан Оспанов:

Шынымен халық әр жәрмеңкені асыға күтеді. Базар бағасынан төмен сатып алғанға не жетсін?! Мен Аралдың балығын іздеп келгенмін, керемет.

Қала тұрғыны Айнұр Бодықова:

Жәрмеңке өтеді деген ақпаратты әлеуметтік желілер арқылы біліп, отбасымызбен осында келдік. Негізі базар, сауда орталықтарындағы бағадан төмен бағада ұсынылуда. Көңілге қонымды. Жәрмеңкеде өнімдердің бағаларының төмен және табиғи, сапалы болуымен халықты тарта білуі керек деп есептеймін.

Қала тұрғыны:

Жәрмеңке қызып жатыр, халық та көп. Ризашылықпен бәрін сатып алып жатыр. Наурыз мерекесі болған соң көкөніс, жүгері, бидай алып жатырмыз. Айран, шұбат, ірімшік секілді ағарған өнімдер де сұранысқа ие. Көктемнің жарқын күндерінде барлығы жақсы көңіл күймен базарлап жүр.

Қала тұрғыны:

Көктем мерекелеріңіз құтты болсын. Халық үшін тиімді бағада өнімдерді ұсынып, жәрмеңке ұйымдастырып жатқандарыңызға рақмет. Базардағы бағадан 2-3 есе арзан. Қала әкімдігіне алғыс айтамын.

Мысалы, қазір базарда 60 теңгеден сатылған жұмыртқаны жәрмеңкеден 35 теңгеден сатып алдым. Айта кетейік, бұл жәрмеңкеге
қалада орналасқан сауда үйлерінен өзге аудандағы өнімдер де қамтылды. Барлығы 19,2 млн. теңге болатын 76,6 тонна болатын азық түлік тауарлары қала тұрғындарының назарына ұсынылды. Мәселен, 15,0 тонна картоп, 2,5 тн сәбіз, 21,0 тн жуа, 1,1 тн қырыққабат, 2,0 тн қызылшасы, 5,6 тн асқабақ, сатылымға шығарылған. Сондай-ақ, 5,6 тн жеміс-жидектер, 12,5 тн ақ күріш, 30 литр өсімдік майы, 1000 дана жұмыртқа, 110 кг нан және нан өнімдері, 5 тн макарон өнімдері, 500 кг кондитерлік өнімдер, 2, 3тн сиыр еті, 100 кг қой еті, 0,7 кг жылқы еті, 500 кг шұжық, 200 кг сөк – талқан, 2,7 тн балық өнімдері мен 410 кг ағарған өнімдер де болды.
Қалада ұйымдастырылған жәрмеңкеге өнімдерін әкелген щаруалар өз
өнімдерін 15-20 пайызға төмен бағада сатылымға шығарды. Мәселен, қалаға қарасты Талсуат ауылдық округінен сүт, балық және балдың түр-түрі әкелінген. Балық 5001300 теңгеден, қаймақ 500 теңгеден, ірімшік 500 теңгеден, құрт 1500 теңгеден қала тұрғындарына ұсынылды. Бұл ауылдың тұрғыны, кәсіпкер Жанар Әбілданың айтуынша мемлекеттік бағдарламаның тиімділігің арқасында сүт өнімдерін сату арқылы, күнделікті табысымды тауып отырмын дейді. Ол 2019 жылы сүт өнімдерін өндіретін цехын ашу үшін «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасымен несие алған. Сүттен айына 1000-1500 тонна өнім алып отыр. Нәтижесінде, өнімдерін күнделікті әдіспен сатқаннан тыс, арасында жәрмеңке арқылы көпшілік назарына ұсынған да жөн екенін деседі.


А.ӘЛИАРЫСТАН

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған