QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

БАСШЫЛАР ТАПСЫРМАНЫ ОРЫНДАЙ АЛАДЫ МА?

ByQAA.kz

Қаз 22, 2020

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Өңірдің әлеуметтікэкономикалық дамуының 2020 жылдың 9 айлық қорытындысы, облыс бюджетінің 2020 жылдың 9 айы қорытындысымен игерілу барысы және болжамы, жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасының орындалуы және жылу беру маусымының басталу барысы сөз болды.

Бүгінгі таңда экономикалық дамуды сипаттайтын макрокөрсеткіштердің бірқатары бойынша өсім байқалады. Өнеркәсіптің өңдеуші секторы 3,5%, ауыл шаруашылығығының жалпы өнімі 3,1%, және тұрғын үйлерді пайдалануға беру 0,4% артты.

«Ауыл ел бесігі», «Қызылорда облысының экономикалық даму жоспары», «Жұмыспен қамтудың Жол картасы», «Қарапайым заттар экономикасы» және мемлекеттік бағдарламалары аясында атқарылып жатқан жұмыстар-құрылыс салу көлемі, негізгі капиталға инвестициялар тарту көрсеткіштері бойынша межені орындап қана қоймай, оған қоса өңдеуші өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда және қызмет көрсету салаларына да оң ықпал етпек.

«Ауыл ел бесігі» жобасы аясында ағымдағы жылы облысымызға 62 инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін 5,1 млрд.тенге бөлінген. Бүгінде 35 жоба толығымен іске асырылды.

Аймақ басшысы бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, аудандар және Қызылорда қаласының әкімдері аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының макрокөрсеткіштері бойынша 2020 жылдың жоспарлы параметрлеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуді және статиска департаментімен бірлесіп, ай сайын экономикалық көрсеткіштердің орындалуына алдын-ала талдау жасап, оң тенденцияны қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Тоғыз айды қорытындылаған мәжілісте облыс әкімі жеткен жетістіктермен қатар кемшіліктерді де көрсете отырып, бірқатар аудан әкімдеріне, басқарма басшыларына тапсырмалар берді. Ендігі мәселе сол тапсырмалардың орындалу деңгейі. Жыл соңында басқарма басшылары мен аудан әкімдерінің бір жыл бойғы атқарған жұмыстарының есебі жасалары сөзсіз. Ол есептің негізін осы тапсырмалар құрайды.

Әкім тапсырмасы: ЖҮЗ ПАЙЫЗҒА ЖЕТКІЗ

Арал, Жалағаш және Жаңақорған аудан әкімдеріне «Ауыл- Ел бесігі» жобасымен 2020 жылға жоспарланған қаржыларды 100 пайыз игеру және жыл аяғына дейін нысандардың толық іске қосылуы тапсырылды.

Әкім тапсырмасы: Толық есепке алынсын

Ал, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысына қала және аудан әкімдерімен бірлесіп қаржыландыру көздеріне қарамастан салынып жатқан құрылыстардың толық есебін жүргізіп, оның статистикалық есептерге түгелдей енгізілуін қамтамасыз етуді жүктеді.

Әкім тапсырмасы: Инвестиция межесі орындалсын

Облыстық индустриялдықинновациялық даму басқармасы басшысына өңірге барлық қаржы көздерінен инвестиция тарту межесін орындау керектігін тапсырды

Әкім тапсырмасы: «Көлік көрсеткіші» көбейсін

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысына «көлік саласы» көрсеткіші бойынша төменгі деңгейдің қалыптасу фактілерін зерттеп, оң тенденцияға шығу жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Әкім тапсырмасы: Тұрақты жұмыс орындары ашылсын

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысына Қызылорда қаласы және аудан әкімдерімен бірлесіп, жұмыспен қамтудың «Жол картасы» жобасы аяқталғаннан кейінгі тұрақты жұмыс орындарының ашылуын, оларға жоба аясында жұмыспен қамтылған азаматтардың кемінде 50%-н тартылуын қамтамасыз етуді жүктеді.

АНЫҚТАМА

• 2020 жылдың 1 қазанына облыс бюджеті түсімдері 103,3 пайызға орындалды. Шығындар жоспары 99,7 пайызға игерілген. Ал, бюджет қаражатының жылдық жоспарының 67% ғана игеріліп отыр. Жалпы, жыл соңына дейін 123 млрд.теңге қаржы игерілуі тиіс. 2020 жылдың 9 айында облыс бюджеті шығыстар бойынша 99,7% орындалды. Атап айтқанда, Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш және Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласының бюджеттері бойынша қаражат 99,9% игерілді.

* * *

• Биылғы жылы «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» аясында республикалық бюджеттен 37,8 млрд. теңге бөлініп, облыс бойынша 275 жоба жүзеге асуда. Нақты айтсақ, әлеуметтік-мәдени нысандардың күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта жаңғырту, құрылысы бойынша 125 жоба, тұрғын үйкоммуналдық нысандардың күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта жаңғырту, құрылысы бойынша 42 жоба, инженерлік-көліктік инфрақұрылым нысандарының күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта жаңғырту құрылысы бойынша 62 жоба іске асырылуда. Мұнымен қоса, елді мекендері абаттандыру мақсатында 47 жоба іске қосылған. Жұмыспен қамтудың жол картасы аяқталғаннан кейін, жаңа нысандардың құрылысы арқылы 452 тұрақты жұмыс орындары ашылады деп жоспарлануда. Жалпы бүгінгі күні жоба аясында 9182 адам жұмыспен қамтылған. Оның ішінде 5455 тұрғын жұмыспен қамту орталықтары арқылы алынған. Орташа еңбек ақы 88 242 теңгені құрайды. 9 айдың қорытындысы бойынша қаржының игерілуі 98,6% құрады.

* * *

• Облыс көлеміндегі 1183 әлеуметтік нысан жылумен қамтылды. Сонымен қатар, облыс орталығындағы 713 және Қазалы ауданынының Әйтеке би кентіндегі 67 көпқабатты тұрғын үй жылуға толығымен қосылды. «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-нің № 6 бу қазандығы және 14 автономды блокты модульді қазандықтар жұмыс істеп тұр. «Өңтүстік қазандық» филиалында 2 қазандық, «Қазалы-Теміржолжылу» филиалында 2 қазандық жұмыс істеуде. «КазТрансГаз Аймақ» АҚ келісім шарт негізінде газ отыны үздіксіз берілуде. Бұдан бөлек 10 күндік авариялық қоры 4,6 мың тонна мазут жасақталған.

Әкім тапсырмасы: Тауар айналымы артсын

Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысына көтерме және бөлшек тауар айналымын арттыруды ұйымдастыру қажет.

Әкім тапсырмасы: Берешектерге жол берілмесін

Облыстық қаржы басқармасының басшысына барлық облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілері, Қызылорда қаласы және аудан әкімдеріне жыл соңына дейін жоспарланған қаржыларды толық әрі мақсатты игеруді, дебиторлық және кредиторлық берешектерге жол бермеуді қамтамасыз етуді жүктеп, облыстық бюджеттен бөлінген қаржылар есебінен үнемделген қаржыларды қайтару немесе басқа шығындарға қайта бағыттау бойынша тиісті жұмыстарды жүргізу керектігін тапсырды.

АҚША КЕРЕК ЕМЕС ПЕ?

9 айдың қорытындысына сәйкес қаражаттың ең төмен игерілуі Сырдария ауданына тиесілі – 98,8 %.

Әкім ескертуі: Тәртіптік шара қолданылады

Аймақ басшысы «2020 жылдың қорытындысымен игерілмеген қаржылар бойынша тікелей бірінші басшыға тәртіптік шара қолданылатындығын ескертемін», – деді.

Әкім тапсырмасы: Арыз-шағымдар болмасын

Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық басқармасының басшысына «Әлеуметтік желілер арқылы Қызылорда қаласындағы шағын мөлтек аудандар тұрғындары тарапынан әлі күнге дейін жылудың дұрыс берілмеуі, қысымның аз болуы жөнінде арыз-шағымдар көп түсуде. Осыған қарамастан жылу үшін коммуналдық төлемді 10 қазаннан бастап есептейтіндіктерін айтып, наразылықтарын білдіруде. Осы бағытта нақты шаралар қабылдаңыздар», – деді.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған