QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Баспанасыздар азайды

Автор:QAA.kz

Дек 30, 2020

Қаланың сол жағалауы сырбойылықтардың көбейгенін, аймақтың абыройының артқанының белгісі. Сол жағалау жобасы мақұлданғалы бері түрлі ғимараттар бой көтеріп, түрғындарға баспана көптеп салына бастады.

Жаңа жыл қарсаңында аймақ басшысы Гүлшара Наушақызы мен қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы сол жағалауда тұрғындарға жаңа пәтерлер кілтін табыстады. Бұл жолғы жаңа қоныс иелері екі мейрам қатар келген,  жаңа жыл қарсаңында алған пәтерлерін жақсылыққа балауда.

— Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын. Пандемия қарсаңы болса да біраз мемлекеттік бағдарламалар өз кезегімен жүзеге асырылды. СПМК-13 шағын ауданында көпқабатты үйлері салынып жатыр. Ондағы пәтерлер  кілтін жақында тұрғындарға тапсырмақпыз. Жақсы тілектерді тілей отырып, қоныс иелері осы үйде шаттыққа бөлене берсін дегім келеді,-дейді Гүлшара Наушақызы.

Биылғы жылы қаламызда 2 мың 380 пәтерлік 52 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жыл басталғалы 1342 қызылордалық қоныс тойын тойлады.

40 пәтерлі 2 үйдің құрылысын «Аман-Құрылыс» және «Сәт-Сервис» ЖШС-тері жүргізген.

Облыс әкімі 11 тұрғынға пәтер кілттерін өзі табыстады. Қуаныш иелерінің бірі, нөмірі 140 орта мектебінің мұғалімі Галина Омарова:

— Мен бүгін 3 бөлмелі баспанаға ие болдым. Өте қуаныштымын, бір жылға жуық қаражат жинап, жаңа жыл қарсаңында пәтерлі болып жатырмын. Аймақ басшысы Гүлшара Наушақызы мен қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлына алғыс айтамын,-деді.

P.S: Мөлтек ауданның аулаларына балалар алаңы салынып, көліктер тұрағы орналасқан. Осы сәтте көліктер тұрағының тарлығы, сыймаған көліктердің жол бөгеп тұрып алатындығы ел аузындағы басты мәселелердің бірі. Бір жағынан көлік тұрағы мен аула жолының кеңдігі пәтер бағасына айтарлықтай ауыр салмақ болар  деген де  ой келеді.

Д.АМАНГЕЛДІ

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *