Қала прокуратурасымен кәсіпкерлік мақсаттағы жер учаскелерін табыстаудың заңдылығына талдау жүргізіліп, нәтижесімен жекелеген кәсіпкерлік мақсаттағы жер учаскелері сауда-саттыққа негізсіз шығарылғаны анықталды.
Нақтыласақ, Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің сол жағалау аумағынан көлемі 15,95 га. болатын 4 жер учаскесі көпқабатты тұрғын үй құрылысы үшін сауда-саттыққа шығарылған.
Өз кезегінде Қызылорда қаласының бас жоспары бойынша аталған жер учаскелерінде білім беру ұйымдары, сауда орталығы мен кеңселер орналасуы тиіс болған.
Қолданыстағы заң нормаларына сәйкес жер учаскелері тек Бас жоспарға сәйкес табысталуы тиіс.
Осы мән-жайларға байланысты аталған сауда-саттыққа шығарылған жер учаскелерін сауда-саттық тізімінен алып тастау туралы прокурорлық қадағалау ету актісі енгізіліп, нәтижесінде жер учаскелеріне қатысты сауда-саттық тоқтатылды.
Қызылорда қалалық прокуратурасы