QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Бас санитар дәрігер үйлену тойларын өткізуге қатысты пікір білдірді

Автор:QAA.kz

Май 12, 2020

Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова Қазақстанда төтенше жағдай режимі аяқталған соң отбасылық іс-шараларды өткізуге қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бас санитар дәрігердің қаулысы бойынша, отбасылық және еске алу іс-шараларын өткізуге тыйым салынады. Онлайн брифинг барысында журналистер қазақстандықтарға енді үйлену тойларын, құдалық және тағы сол сияқты іс-шараларды өткізе ала ма деген сұрақ қойды.

«Бүгінде елдегі эпидемиологиялық жағдай бізге адам көп жиналатын іс-шараларды өткізуге рұқсат бермейді. Ол ғимараттар болсын, аулада болсын тыйым салынады. Себебі коронавирус инфекциясы бізде әлі де бар. Ол өте жұқпалы. Барлығының осындай іс-шараларды өткізгісі келетінін түсінеміз. Бірақ сонда да біз өзгелерді де ойлауымыз керек. Сондықтан мен барлығыңыздан осы мәселеге түсіністікпен қарап, алдын алу шараларын ұстануды сұраймыз», — деді Есмағамбетова.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *