QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

БАЛЫҚТАН ТҮРЛІ ТАҒАМ

ByQAA.kz

Мау 15, 2020

Белгілі аспаз Амида Жаруллақызының айтуымен балықтан дайындалатын бірнеше тағам түрлерін назарларыңызға ұсынамыз.

Аспаздық салада қанша жылдық тәжірибеңіз бар?

– 20 жасымнан бері осы салада жүмыс істеп келемін. 35 жылдық тәжірибем бар. Еңбек жолымды ауылдан бастадым. Бүгінде зейнеткермін. Отбасым үшін күнделікті тәтті тағамдарымды дайындаймын. Осы салада бірнеше шәкірт тәрбиелеп, қала бойынша білікті аспаздардың көбеюіне үлесімді қостым. Ол мамандар әртүрлі жұмыс орындарында бас аспаз қызметтерін атқаруда.

– Оқырман қыз-келіншектер үшін ерекше тағам түрлерін бірге әзірлейік. Балықтан әзірлеуге болатын қандай ас мәзірлерін ұсынасыз?

– Күнделікті дайындайтын тағам түрлерінен өзге балық тағамдарын дәмді әзірлеудің құпиясымен бөліспекпін. Жалпы, бұл адам денсаулығы үшін өте пайдалы өнім. Жиі тұтынатын адамдардың есте сақтау қабілеттері жақсарып, ми қыртысының жұмыс істеу белсенділіктері артады. Сонымен қатар, көздің көру қабілетін жақсартады. Дәрілерлер балық тан әзірленген тағам түрлерінен аптасына кем дегенде 2 мәрте дәм татқан дұрыс деп кеңес береді. Сол себепті, бір балықтан әзір болатын төрт тағам түрін дайындайық.

Тостерде қуырылған балық

Балықты тазалап, ұсығанға ыңғайлы болуы үшін шағын көлемде кесіп аласыз. Әдеттегі көпшілік білетін әдістен бөлек, тостерде пісетін балықты мари надталған нұсқада әзірле сеңіз ерекше дәмді болады. Екі жұмыртқаны 200-300 гр ұнмен араластырасыз. Көз мөлшерімен қара бұрыш және тұз себесіз. Тұзды көбірек сепкеніңіз дұрыс, өйткені дәмді болуы үшін маринадталған уақытта балықтың бойына сіңуі керек. Содан кейін үккіштен өткізілген 1 сарымсақты және балық өнімдеріне арналған дәмдеуіштерді қосасыз. Әзірлеп алған қоспаны кесілген балықтардың үстіне жағасыз. 30 минут көлемінде жылы жерге қойып, қызып тұрған тостерде 10-15 минуттың көлемінде қызарғанша пісіресіз. Айта кетейік, балықтың қасына картопты қоса пісіріп ұсынсаңыз да артық етпейді. Сондай-ақ, осы әдіспен орташа градустағы пешке дайындасаңыз да болады. Ескерер жәйт, пешке әзірлесеңіз табасына және тостерге май жағудың қажеті жоқ. Бұл тағам түрі адам денсаулығына майсыз қуырылғанымен де пайдалы. Ұсынар алдында аскөкпен безендіруді естен шығармаңыз.

Пеште пісірілген балық

Балықты қабырғаларынан жартылай көлемде кесіп аласыз. Кесілген балықтардың көлеміне сәйкес кетчуп және майонез өнімдерін жағасыз. Көз мөлшерімен тұз және қызыл, қара бұрыштарды себесіз. Артынша үккіштен өткізілген сарымсақты және балыққа арналған дәмдеуіштерді қосасыз. Маринадталған бұл балықты жылы жерге 3 сағат көлемінде қойған жөн. Балықтың кесілген тұстарына лимонның жартылай кесін ділерін саласыз. Орташа темпе
ратурадағы қызып тұр ған пешке салсаңыз, 40-45 минуттың
көлемінде әзір болады. Піскен соң, аскөк және дөңгелектеп кесілген пиязбен әсемдейсіз.

Балықтан котлет

Ет тартқыштан 2-3 мәрте өткізілген балықтың етіне 1 жұ мыртқаны қосасыз. Оған 1 пияз бен 1 сәбізді үкікештен өткі зіп саласыз. Артынша суда бұқтырылған нанды судан алып, қоспаға ұн тақтап араластырамыз. Қоспаңыздың көлеміне сәйкес көз мөлшерімен тұз және бұрышты себуді естен шығармаңыз. Жасыл пияз бен аскөкті де турап, котлеттің қоспасына араластырған дұрыс. Орташа отқа қызған майға екі жағын қуырып аласыз. Дайын болғанда, тағамның қасына асылған күрішті немесе картоптың езіндісін қоса ұсынуға болады.

Асылған балық

Қайнаған суға кесілген балықтарды және картоптарды саласыз. Балық сорпасына пияз, бұрыш және жуаны турап салсаңыз дәмді болары сөзсіз. Суға балықты қосып бірге қайнатпаңыз. Өйткені, балық тез пісетіндіктен су қайнаған уақытта езіліп кетуі мүмкін. Асылған балық етін 15 минуттан кейін сүзіп, сорпасына жайылған қамырды саласыз. Тұздығыңызды бөлек ыдыста әзірлеңіз. Қамыр дайын болғанда табаға сүзіп, үстіне балықтарды орналастырып жиегіне тұздықпен әсемдеп ұсынасыз.

Көктал балығы

Көктал балығы ойдағыдай шығу үшін жаңа ауланған сазанды таңдаған дұрыс. Балықты тазалап алғаннан кейін қақ ортасынан екіге бөліп кесесіз. Балықтың көлеміне сәйкес, қосатын өнімдерді мөлшерімен есептеп аласыз. Мәселен, 1-2 қияр мен пияз да сіздің балығыңыздың көлеміне сәйкес болуы мүмкін. Пиязды, қызанақты және тәтті бұрышты орташа көлемде дөңгелек етіп тураймыз. Алдымен балықты тұздап алып, фольга қағазына қоямыз. Майонезге лимон қышқылын, көз мөлшерімен себілген тұз, қызыл және қара бұрыштардың қосындысынан дайындаймыз. Дайын болған қоспаны балықтың үстіне жағып шығамыз. Одан кейін 2-3 қабаттан туралған пияз, бұрыш және қызанақты кезегімен қоямыз. 180 градуста қызған пешке 30 минутқа пісіреміз. Жақындарыңызға тағамдардың жанына түрлі салаттармен қоса ұсынсаңыздар болады. Жалпы бұл тағамды табиғат аясындағы демалыста әзірлегенде өте дәмді шығары сөзсіз.

Астарыңыз дәмді болсын!

Дайындаған А.КАЛЫМЖАНҚЫЗЫ

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған