QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Балыққа бармас бұрын…

ByQAA.kz

Қыр 28, 2020

Балық аулау  барлығының сүйікті ісі. Әдетте көліктерін балыққа жабдықтап қоятын жұрт аз емес. Мәселе біреудің аштығында, ішерге ас табылмай қармақ салып жүргеннен болмас. Бұлда бір азарттың түрі емес пе?

Оның үстіне Сырды кешіп өскен әр адамның бір рет болсын балыққа барып көрмеуі мүмкін емес болар. Көбіне суға шомылып, батып кеткен жағдаяттардан құлағдар болып жаматамыз. Ал балық аулаудан келетін адам шығыны сейілер емес. Жалпы еліміз бойынша жыл басынан бері 42 адам балықшылық қылып жүріп суға кетсе, соның алтауы біздің өңірде болған жағдай. Атап айтқанда Арал ауданында 3 адам, Қазалы, Сырдария, Жаңақорған аудандарында бір адамнан суға кеткен.

Тосын оқиғалардың алдын алу үшін осы жылдың 14 мамыр-10 маусым аралығында «Уылдырық-жел» деп аталатын профилактикалық рейд жұмыстары балықшыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жалпы саны 236 рейд жұмыстары өткізілген.

Рейд жұмыстары барысында балық аулауға шыққан әр адамда құтқару күртешесі, арқан, сырық, ілмекті бақан сынды құралдардың міндетті түрде болуын ескертілді. Сонымен қатар, жарық шамдары, ұялы байланыс құралдарының әр балықшыда болуы міндеттелді. Ал аталған өңірде ауа-райының бұзылуы байқалса балық аулауға шығуға болмайтындығы анық.

 Балықшылардың не дегенмен тәжірбиесі бар. Мына жас балалар да қызық көріп, ата-анасына ескертпей суға түсуге, балық аулауға баруды жөн санайды. Сондықтан, баланы су жағалауына қараусыз жіберуге болмайды.

Осы орайда түсініктеме жұмыстары жүргізіліп, облыс бойынша 846 қызметкер мен 235 еріктілер тобы 3468 тұрғынға  жадынама таратты. Оның ішінде 668 жасөспірім балалар бар.

Қала маңындағы Көксу, ПМК 29 елді мекендері мен Сталин, Шіркейлі каналдары мағындағы жергілікті тұрғындарға қауіпсіздік ережесі бойынша профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Суда балық болмаса да, қармақ құрып, демалатын тұрғындар жетерлік. Біразы балық аулауды жанына серік етеді. Алайда, қауіпсіздік ережесін сақтауды жөн көрмей, қаза болып жатады. Қармаққа балық ілемін деп судың қармауына ілігіп қалмасына кім кепіл?

Д.АМАНГЕЛДІ

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған