QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

БАЛАЛАР ДА ВИРУС ЖҰҚТЫРУЫ МҮМКІН

ByQAA.kz

Шіл 23, 2020

Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Пазилов Сабит Бексеитович пен Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әбдіқайымова Әлия Мүтәліпқызы айтты. Өңіріміздегі көпбейінді облыстық балалар ауруханасы бiр ауысымда 300 бала қабылдайтын кеңес беру диагностикалық бөлімшесі, әкiмшiлiк, шаруашылық бөлiгi бар мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсіпорын болып табылады. Сондай-ақ, індетпен күрес бағытында қосымша 100 провизорлық және 5 КВИ төсек орын ашылды. Қосымша 55 пульмонологиялық төсек орын бар. Жалпы ауруханаға түскен 2020 жылдың 6 айлығында науқастар саны 2020ж- жылы 4478 болып (2019ж-5449) 17,8 % төмендеген. Бірақ соңғы күндері балалар ауруханаға көбірек келе бастады. Тыныс алу жүйесі ауруларының 2020 жылдың 6 айлық қорытындысы және шілде айының 20-сына – 419 бала ем алуда, 2019 жылдың 6 айлығында -371 бала болып, көрсеткіш 11% жоғарылаған. Жалпы облыс көлемінде балалар арасында тыныс алу жүйесі аурулары басқа аурушаңдықтардың негізгі бөлігін алады. 2020 жылдың 6 айлық қорытындысымен тыныс алу жүйесі аурулары 1502-33,54% болса, 2019 жылдың 6 айлығында -1784-32,74% болып, 2,3 % көбейген. Пневмония ауруына шалдыққандар 2020 жылы 396-8,89% болса, 2019 жылдың 6 айлығы бойынша -375-6,88%, 22,6% жоғарылаған. Иммунитеттің әлсіздігіне байланысты вирус жұқтырып кез келген жастағы адам ауырады. Мәселен, аймағымызда коронавирус инфекциясы тіркелгелі бәрі коронавирус инфекциясын жұқтырып 14 жасқа дейінгі балалар сәуірмамыр айларында жұқпалы аурулар ауруханаларында ем алған болатын. Маусым айында коронавирус инфекциясымен тіркелген балалар жоқ. Оған коронавирус инфекциясы анықталған симптомды түрде тіркелген балалар емделсе (симптомсыз түрі үйден бақыланады), кез келген температурасы бар балалар провизорлық стационарға жатқызылады. Провизорлық орында тест сынамасы алынып, оң болған жағдайда, инфекциялық стационарға ауыстырылады. Қазіргі таңда облыстық балалар ауруханасында коронавирус инфекциясын жұқтырған 7 науқас бала ем алған, 3 бала үй жағдайында, амбулаторлы ем алуға жолданса, бүгінгі таңда стационарлық ем алуда 4 науқас, КВИ жеңіл және орташа түрімен ем алуда. Балалар ауруханасында ем алушы балалардың негізгі аурулары туа біткен жүрек ақауы, өңеш күйегінің ІІІ дәрежесі, эпилепсия және тағы басқа. Жалпы жағдайлары ауыр немесе орташа ауырлықта болатынын ескеру қажет. Балалар да дәл үлкендер секілді коронавирус инфекциясымен ауруы мүмкін. Алайда оларда ауру жеңіл түрде өтіп, айтарлықтай ауыр белгілер байқала бермейді. Дегенмен, ерекше қатер тобындағылар – бұл жаңа туған сәбилер мен 1 жасқа толмаған балалар. Себебі егде адамдар сияқты олар вирустық инфекциялардың ауыр түрлеріне бейім. Бұл егде жастағы адамдарда функционалдық қорғау жүйесінің әлсіреуіне, ал балаларда әлі қалыптаспағандығымен байланысты. Балаларда коронавирустық инфекция жоғары температурамен, құрғақ жөтелмен, ентігумен білінеді. Сонымен қатар, балада тыныс алудың қиындауы, оның тамақ пен сұйықтықтан бас тартуы, сондайақ мінез-құлқының өзгеруі секілді ауыр симптомдар байқалуы мүмкін. Мұндай жағдайда міндетті түрде баланы педиатрға көрсету керек. Балаларда ауру жеңіл өтеді дегенімен, коронавирус жұқтырған балаларға да қажетті санитарлық нормаларды сақтаған жөн. Өйткені олар да вирус тасымалдаушысы бола алады.

Біріншіден, мемлекеттік органдардың екі апталық карантин шараларын енгізуі – оқшауланудың әлі күнге дейін ең маңызды алдын алу шарасы екенін дәлелдейді. Сондықтан мүмкіндігінше жанұялық мерекелер сынды той-томалақты уақытша тоқтата тұрыңыздар. Бұл шара арқылы біз кішкентай балалардың, қарттардың, яғни қауіп тобындағы адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтаймыз.

Екіншіден, жеке гигиеналық талаптарды қатаң сақтау қажет. Бұл кез келген инфекциялық аурудың алдын алу жолы саналады. Жеке гигиеналық талаптар әр азаматтың өмір сүру салтының бір бөлігіне айналғаны анық. Соны одан ары қарай ұстана беруіміз қажет. Қолды кемінде 20 секунд сабынмен жуу, көп адам шоғырланған жерде маска тағу, антибактериалды ерітінділермен қолды жиі өңдеп отыру, түшкіру, жөтелу кезінде респираторлы этикет қағидаларын сақтану керек.

Үшіншіден, иммунитетті жоғарылатуға арналған шараларды ұстану, күндізгі және түнгі ұйқының балансын сақтау, дәрумендерге байытылған дұрыс тамақтану рационын сақтау керек.

Балалардың топ болып ойнауына шектеу қоюға тырысу керек. Балалар аға-әпкелерімен ойнай алады. Өйткені олар бір үйдің ішінде жүреді. Бірақ туған күн кеші немесе басқа балалармен топтасып ойнаудан біраз уақытқа бас тартқаны дұрыс. Егер сіздің балаңыз екпе алып жүрген болса, онда мұны тоқтатпай, жоспарлы медициналық тексерістерін үзбеңіз. Педиатр міндетті түрде мезгілді тексерісті жүргізіп, баланың бойы мен салмағын өлшеп, денсаулыққа байланысты мәселелерді бақылауы тиіс. Ересектеу балаларда ауру белгілері аз байқалады немесе мүлде болмайды деген болжам бар. Бұл маңызды, өйткені мұндай кездің өзінде балалар айналасындағыларға вирус жұқтыруы мүмкін. Сондықтан балалар ересектермен бірдей деңгейде сақтық шаралары мен әлеуметтік оқшаулау ережелерін сақтауы керек.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған