QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

“БАЛАЛАР БІЛІМДІ БОЛСЫН ДЕП МЕМЛЕКЕТ, ӨҢІР ТАРАПЫНАН БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛУДА”

ByQAA.kz

Жел 31, 2020

Қызылорда облысының әкімі Г.ӘБДІҚАЛЫҚОВА: “БАЛАЛАР БІЛІМДІ БОЛСЫН ДЕП МЕМЛЕКЕТ, ӨҢІР ТАРАПЫНАН БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛУДА”

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылына барып, ондағы тәрбиешілер мен балаларды жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

– Құрметті балалар, менің жас достарым! Сіздерді келе жатқан жаңа 2021 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Балаларымыз озық ойлы, білімді болсын деген ниетпен қазіргі таңда мемлекет тарапынан да, өңір тарапынан да барлық жағдай жасалуда. Бос уақыттарыңыздың тиімді болуы үшін осы жерде «Робототехника», «Медиа клуб», «Шағын тігін шеберханасы», «Балалар және қолөнер бөлмесі» және «Арт студиясы» ашылды. Сіздер спортпен шұғылдансын, жаны сергек, тәні сау азамат болсын деп қаламыздағы «Мұз айдыны», «Евразия», «Тарлан» спорт кешендері мен «Оқушылар сарайына» тегін қызмет етуді үйлестірдік. Мен апайларыңыздан Сіздердің жағдайларыңызды үнемі сұрап отырамын. Олар Сіздердің жетістіктеріңізді бөлісіп, көңілімізді марқайтады. Атап айтсам, Рано Сабанкулова Лондон қаласында өткен Халықаралық шығармашылық фестивалінде І орын алыпты. Ал, бишілер мен әншілер тобы жақында Польша, Түркия елдерінде өткен халықаралық байқауларда бірінші орынға ие болыпты.Бұл жетістіктеріңіз мені өте қуантты. Әрдайым осылай зор жетістікке жете беріңіздер! – деді облыс әкімі Г.Әбдіқалықова.

Шара соңында балалар үйінің ауласындағы жасыл шырша қасында аймақ басшысы тәрбиеленушілермен естелікке суретке түсті.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған