2021 ж. Сәуір 14

Балабақшада бала неге аз?

Қаладағы балабақшалар жайын алдыңғы қатарлы түйіткүлдерге жатқыза алмайтындаймыз. Десе де, санаторлы балабақшалардың жай-күйі бүгінде мәз емес. Мәселе мынада, санаторлы бала- бақшаларда туберкулез секілді науқас адамдармен байланыста болған, немесе ата-аналарының біреуі әлгі індетпен ауырып қалған балалар келіп жатады. Бұл өз кезегінде баланы бәле-жәледен сақтап, аты жаман ауруларды қолдан ушықтырмауға жол ашады. Алайда, соңғы уақытта өңірімізде аталған жағдайлардың аз тіркелуіне байланысты санаторлы балабақшалардың хәлі жақсармай тұр.
Мәселен, әлгі балабақшаларда екі бағыттағы топтар бар. Бірінде жоғарыда айтып өткен балалар білім алса, екіншісінде денсаулығына шағымы жоқ балалар білім алады.
Қоғамдағы қалыптасқан қағидаттарға байланысты, дені сау балалар санаторлы балабақшаларға бара алмай отыр. Бір жағынан, ата-аналары да жіберуге талпынбауда. Себеп, ауру жұқтырып алады ма деген ой.
Десе де,біз айтып отырған санаторлы балабақша тәрбиеленушілерінің кесірі ешқайда тимейді. Олар ауру емес, тек уақытша жақындарынан оқшаулана тұрғандар. Себебі, жақындарының бірі әлгі ауруды жұқтырған адам болуы мүмкін. Сондықтан, балабақшадағы балалар саны азайып, бүгінде тәрбишілер де, өзге қызметкерлердің де айлығы, балабақша күн-көрісі де күрт төмендеді. Шүкіров көшесіндегі «Бүлдіршін» балабақшасында ұқсас жағдай орын алған. Бұл санаторлы балабақша 140 тәрбиеленушіні қабылдауға жарап тұр. Алайда, елдегі жағдаймен біз көтеріп отырған мәселеге байланысты бүгінде 30 ғана бала тәрбиеленуде. Ұқсас жағдай «Қызғалдақ» балабақшасында да қайталануда. 140 орынның бүгінде 40-ы ғана пайдаланылуда. Балабақшалардың атауын тізе берсең, саны жағынан, өзін-өзі ақтау жағынан қалыс қалаған санаторлы балабақша жетерлік. Меңгерушілердің айтуынша оқшауланған топтардың есігі де, бөлмесі де мүлде бөлек орналасқан. Олардың ешкімге кесірі тимейді дейді. Осы мәселені шешпек ниетпен қалалық мәслихат депутаттары біз түртіп өткен балабақшаларда болды. Барлығы сонау кеңестік тұста салынғандықтан жағдайлары жаман емес. Сол кездің өзінде мұндай мәселелер ескеріліп, бөлекбөлек есіктер мен басқа да қажетті жағдайларды ойластыра отырып салынған екен.
Бұл тұста екі жақты пікір қалыптасты. Біріншісі, санаторлы балабақшалардың барлығын жауып, тек біреуін ғана толықтай санаторлыққа бағыттау. Немесе, қолда бар санаторлы бала – бақшаларды ашып, халыққа да пайдасын тигізу.

Мәселенің екінші ұшы ата-аналар тарапынан тууда. Олар қаладағы жеке коттедж балабақшаларға берген ұтымдырақ дейді. Өйткені тасымалдау мәселесі шешілген. Ал дәл сондай ақшаға мемлекеттік балабақшаларда тасымалдау қарастырылмаған көрінеді. Десе де, аталған балабақшалардың ешкімге түк те әсері жоқ. Бұл зерттеп, тексерілген нәрсе. Зәулім балабақшалардың бүгінде тек 30 пайызы ғана пайдаланылып отыр. Ал қаржы тапшылығына байланысты қызметкерлер 0,5 және 0,25 пайызбен ғана жұмысын істеп, амалдауда.
Қалалық мәслихатта аталған мәселе бойынша тұрақты комиссия отырысы өткізіліп, облыстық білім басқармасына ұсыныс жеткізіп, алдағы уақытта шешпек ойларын білдірді.


Д.АМАНГЕЛДІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған