QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Байқоңырда коронавирустан алғашқы адам өлімі тіркелді

ByQAA.kz

Мау 19, 2020

Байқоңыр қаласында коронавирустан алғашқы адам өлімі тіркелді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Ресейлік «Байқоңыр» ФМБА кешені аймақтық басқармасының мәліметі бойынша, 2020 жылғы 18 маусым сағат 16:00-дегі жағдай: Байқоңыр қаласында вирус жұқтырғандар саны – 56; ауруханадан шыққандар саны – 10; амбулаториялық емдеуге жіберілгендер саны – 7; қайтыс болғандар саны – 1″, – делінген COVID-19 таралуы туралы анықтамада.

Қайтыс болған адамның ғарыш айлағында жұмыс істеген-істемегені туралы мәлімет жоқ. 

18 маусымдағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустан 105 адам қайтыс болған. 

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған