QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Бақылап тұратындар көбейді

Автор:QAA.kz

Окт 7, 2020

2020 жылы 200 көше мен 68 жаяу жүргіншілер жолына жөндеу жұмыстары жоспарларған болатын. Бұл шаруаның барлығын жиі оқырман мен бөлісіп отырамыз. Жақында ғана тәмәм болған Сұлтан Бейбарыс көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолы елдің мерейін еселеп, төбесін көкке жеткізді.

Көшербаев көшесі мен Назарбаев даңғылы аралығын қамтитын жаяулар жолын Алматы қаласындағы жаяулар жолы әдісі мен салдық дейді. Ұзындығы төрт шақырымға жуық жолдың ені екі метрден асады. Қарамағында 27 адам жұмыс жасайтын мердігер мекеме құрылыс заттарын өзіміздің Рисмаштан алдық дейді.

Жаяулар жолы мен қоса, Сұлтан Бейбарыс көшесінің бойы мен жаңа аялдамалар да салынды. Бұл көшенің бойында қозғалыс көп болғансоң жол жиекте жүру тұрғындарға қолайсыз еді. Ендігі, жаяулар жолы елге өз қызметін жасамақ. Қыс пен күзде аяқ киімнің сыртын пакетпен орайтын күндерден құтылды. Бұл жолда арнайы жандар мен балалы әйелдер қолайлығы үшін пандус та салынған. Жасалған жұмыстар үшін «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасына ризашылығы мол жергілікті тұрғындардың көпқабатты тұрғын үй аулаларына дейін де жол салып берген екен. Ел үшін жасалған жұмыстарғой дейді мердігерлер басшысы. Бұл арадағы аймақтың құрылысына жауапты Қайрат Әбілқасым межелі уақытта шаруаны толық аяқтады. Күн сайын ол ел-жұрттан алғыс еститінін жасырмады.

Келесі Жиенбай жырау атындағы көше. Камалов көшесінен Хон Бен До көшесіне дейінгі аралықта орташа жол жөндеу жұмыстары жасалуда дейді жауаптылар. Орташа түгі жоқ. Әжептеуір асфальт төселуде. Енді әрі қалың тегістелген. Бұл көшенің бұрыңғы ахуалын Жиенбай жырау жырламаса да, жергілікті тұрғындар жиі айтатын. Қазіргі кезде, асфальт бойын кезіп ойнап жүрген балалар мен жасалған жұмыстарды бақылап тұратын тұрғындар көбейген. Жергілікті ақсақалдар мен тұрғындар өз алғыстарын жаудыруда.

Д.АМАНГЕЛДІ

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *