"Ақмешіт ақшамы"

Сарқылмасын Сыр-Ана!

БҰЛ ҚИЫНДЫҚТАН ӨТЕТІНІМІЗГЕ СЕНІМ МОЛ

ByQAA.kz

Қаң 13, 2022

Қызылорда облысы әкімі Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА:

БҰЛ ҚИЫНДЫҚТАН ӨТЕТІНІМІЗГЕ
СЕНІМ МОЛ

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметіне барып, құқық қорғау саласының қызметкерлері және сарбаздармен кездесті.

Басқосу алаңында облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет, облыс әкімі аппаратының басшысы Ерлан Райғаниев, Қызылорда қаласының әкімі Ғанибек Қазантаев, облыстық полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан және әскери бөлімінің командирі Ербол Әбдірайм қатысты.

Аймақ басшысы полиция қызметкерлері мен сарбаздардың сын сағатта көрсеткен ерліктеріне алғысын жеткізіп, рухын көтеріп, күш-жігер беретін үндеу жасады.

  • Құрметті құқық қорғау органдарының қызметкерлері және әскери сарбаздар! Сын сағатта теріс ойдағы террористермен күресіп, елді қорғауда алдыңғы сапта тұрып, өмірлеріңізге түсер қауіп-қатерге қарамай, күн-түн демей, азаматтарымыздың өмірін сақтауда жанкештілік танытқан Сіздерге алғысымыз ерекше.

Батыл және жедел әрекеттеріңіздің арқасында террористік шабуылға тойтарыс берілді. Халықтың өмірін сақтауда бүлікшілермен күресіп, 5 сағат бойы қорғау шараларын нық қадаммен атқарып, Отанға берілген анттарыңызды адал орындап, ерлік көрсетіп, қызметтеріңізді мінсіз атқардыңыздар!

Елдің тұтастығын сақтап қалу жолында батырлықтың жарқын жолын көрсетіп, қысылтаяң кезде шұғыл шешім қабылдаған облыстық полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтанға және барша полиция қызметкерлеріне Сыр жұртының атынан алғысымызды білдіреміз.

Сондай-ақ, қоғамда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды құрылымдар – арнайы мақсаттағы құрылым қызметкерлеріне және Ұлттық ұлан, Барлау полкі, Шекара қызметі және өзге де құрылымдарының сапында жүрген сарбаздарға шынайы ықыласымызды білдіреміз.

Бірлескен әрекеттің арқасында бұл қиындықтан өтетінімізге сеніміміз мол!  

P.S. Облыс әкімі Г.Әбдіқалықова ауруханаларда жарақаттарынан емделіп жатқан сарбаздар мен полиция қызметкерлерінің де жағдайын білді. Оларға қиын шақта дәрігерлік көмек көрсеткен денсаулық сақтау саласы қызметкерлеріне де алғысын білдірді.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған