Партияның қалалық филиалы жанынан құрылған партиялық бақылау комиссиясының мүшелері қаладағы ірілі-ұсақты дүкендерге барып, азық-түлік бағасын бағамдады. Комиссия құрамында сегізінші шақырылымдағы қалалық мәслихат депутаттары және қоғам белсенділері, партия өкілдері бар. Олар алдымен қаладағы «Аль-Асад» сауда үйіне табан тіреп, ондағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларымен танысты. Сонымен қатар, халық көп тұтынатын тауарлар түрлеріне де баса мән берілді.
Бұдан бөлек, әлеуметтік дүкендердің де жайын пысықтап, ондағы халық көп тұтынатын тауарлар бағасына мониторинг жұмыстарын жүргізді.