QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

ҚАЗАНТАЕВ «ҚОҚЫСТА» ЖҮР…

ByQAA.kz

Сәу 29, 2021

Қала әкімі қызметіне кіріскелі жиындар мен жиналыстардан гөрі, түрлі мекемелерді аралап жүр. Ғимараттарға барып ғана қоймай,
күл-қоқыстың ортасынан да табылуда. Қала халқы үшін ең күрделі қоғамдық көлік, тазалық бағытындағы мәселелерді арқау етіп, Ғанибек Қазантаев «Қызылорда тазалығы» ЖШС мен Тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу полигонына, Автобус паркіне, сол жағалаудағы КНС-32 КГ ГКНС-1 жұмысына барды.
9 техника, 35 адам тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау қызметімен айналысатын полигонға табан тіреді. Онда ол Ресейде
жасалған қалдықтарды сұрыптау кешенінің құрылғыларымен танысты. Айта кетерлігі, полигон қалаға қарасты «Белкөл» кентінен 7,5 шақырым қашықтықта орналасқан. Бастысы, экологиялық – санитарлық талаптарға сәйкес қалдықтардың өңдеу үлесін арттыру бағытында салынған. Нәтиже де жоқ емес. Мәселен, күніне 16-17 тонна, жылына 60 000 тонна қатты тұрмыстық қалдық сұрыпталады екен.
Сондай-ақ, қала басшысының келесі бағыты – «Қызылорда тазалығы» мекемесі болды. Аталмыш мекеменің де жұмыс қарқынымен танысып, осы бағытта еңбек етіп жүрген қызметкерлермен тілдесті. Артынша техникалық жабдықтарға зер салып, қала тазалығы күн тәртібінен түспейтін мәселе екенін алға тартты.

Қызылорда қаласының әкімі Ғанибек
Қонысбекұлы:

  • Күн-түн демей, уақытпен санаспай, тыным таппай қала тазалығын жоғары деңгейде сақтап тұрған тазашылықшылардың еңбегі ерекше. Экономикалық тұрғыда әлдендіру алгоритмін жасап, серіктестіктің штат санындағы балансты сақтап, жұмыс тиімділігін арттыру керек.

Бұнда барлығы 618 адам жұмыс істейді. Олар күнделікті 137 арнайы техника арқылы қаладағы 800-ден аса көшенің тазалығына жауапты. Күнделікті полигонга шығаратын қоқыстар да аз емес. Қала әкімі қала халқы үшін әркез өзекті қоғамдық көлік мәселесін де назардан шығармады. Аталған саланың жұмыс процесімен танысу мақсатында ол Автобус паркіне барды. Мұндағы мәселенің бірі – автопаркке тиесілі қоғамдық көліктердің бірқатары ұзақ мерзімді, күрделі және ағымдағы жөндеуді қажет етеді. Қала халқы әрі-бері кедергісіз тасымалға, әрі
сапалы қызметке ие болуы үшін осы және одан өзге олқылықтардың шешім табуы жолында жүйелі жұмыс жасау керектігін тапсырды. «Қала тұрғындарының қоғамдық көлікке деген сұранысын қанағаттандыру және қаламыздағы көлік қатынасын реттеу мақсатында бұл олқылықтарды тез арада реттеу керек» деді қала әкімі. Айта кетерлігі, қалаішілік 25 бағытқа және 8
қала маңына қатынайтын барлығы 33 бағытқа, 585 автобус екі ауысыммен қызмет көрсетеді. Оның 135-і автопарк теңгеріміндегі автобустар. Жеке тасымалдаушылармен келісім шарт негізінде 450 автобус бар.

А.ӘЛИАРЫСТАН

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған