QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Қазантаев неге қанағаттанбады?

Автор:QAA.kz

Сен 30, 2021

Қалалық әкімдіктің аппарат мәжілісінде қорғаныс істері басқармасының бастығы Алмас Чункунов хабарлама жасады. Ол қала бойынша әскерге шақырудың, әскерге келуге ниеттілердің тым аз екендігін жеткізді. Қазіргі таңда 1994-2003 жылдар аралығында туылған балаларды әскерге шақыру қарқынды түрде жүргізіліп жатқанын баяндады.

Көктемгі әскерге шақыру науқанындағы дәрігерлік тексеруден 343 адам өтіп, олардың 143-і көктемгі әскерге отан алдындағы борышын өтеуге аттанды.

 2021 жылдың 10 шілде айынан бастап Қызылорда қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы күзгi мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарына азаматтарды алдын — ала зерделеу жұмыстарын атқаруда. Мерзімді әскери қызметке шақыруға жататын әскерге шақырылушыларды алдын — ала зерделеу жұмыстары басталар алдында атқарылған іс — шаралар мынадай: зерделеу кестесі әзірленіп шақыру комиссиясының төрағасымен бекітілді, құқық қорғау органдарына, ұлттық қауіпсіздік комитетіне және емдеу профилактикалық мекемелерге сұраныстар жіберілді, жеке істер іріктеліп зерделеуге жататын әскерге шақырушылардың тізімі жасалды, әскерлер түрлері мен тектеріне бөлінген шақырушылардың картотекасы құрылды. Бекітілген кестеге сәйкес қала және ауылдық округтеріне зерделеу жұмыстары бойынша әскери қызметшілер шығып, жұмыстар нәтижесі бойынша актілер жасалды.

Әскерге шақырылушыларға шақыру қағаздары қалалық әкімшіліктен бөлінген әскери есеп жүргізу мамандары және қоғамдық қызметкерлердің күшімен таратылуда. Әскерге барушылардың деңгейінің төмендігіне қанағаттанбаған қала әкімі тиісті басшыларға тапсырма берді. Полиция департаментіне әскери борышын өтеуден жалтарып жүрген шақырушыларды тауып, тиісті жұмыстар атқаруды тапсырды. Ішкі саясат бөлімі арқылы БАҚ беттеріне әскерден жалтарушылардың аты-жөнін шығаруды тапсырды. Ал өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін ояту үшін түрлі деңгейдегі ұлттық, патриоттық шараларды ұйымдастыруға тапсырма берді.

Д.АМАНГЕЛДІ

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *