QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Қазалы базарлары неге өртенді?

ByQAA.kz

Мау 25, 2020

2020 жылдың 25 маусымында 8 сағат 32 минутта Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі «Ер-Нұр» сауда базарының аумағында орналасқан «Нұр» асханасының шатыры, «Орынай», «Ақбота» сауда үйлерінің жанып жатқаны жөнінде «101» телефон нөміріне хабарлама түсті. Оқиға орнына барып, қарау барысында қосымша Арзан» сауда үйіне, «Баянсұлу» шаруашылық дүкеніне, «Азық-түлік дүкеніне», «Теңел» азық-түлік дүкеніне көшіп жанып жатқаны анықталды. Өрттің жалпы ауданы: 2018 ш.м. құрады.

Өрт 10 сағат 18 минутта оқшауланып, 11 сағат 13 минутта толығымен сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.

Өрт кезінде оқиға орнына жақын орналасқан ІІ-қабатты «Тұмар», «Бурай» сауда үйлері және «Ару-Илия», «К-Мусаев» базарларына өрттің таралуына жол берілген жоқ.

Өртті сөндіруге Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің, Полиция бөлімінің, жергілікті атқарушы органның, Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі жеке құрамынан 113 адам және 11 бірлік техника, 4 дана мотопомпа жұмылдырылды.

Қызылорда облысы ТЖД

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған