2021 ж. Сәуір 14

Қазалы ауданының әкімі М.ЕРГЕШБАЕВ: Асфальтпен жүретін күн алыс емес

Әбдіқалықованың әкімдері әлеуетті ме?

Аудан орталығы Әйтеке би кентінен бөлек Қазалы қаласы мен елді мекендерді де газдандыру мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ.
Соның нәтижесінде Ғани Мұратбаев ауылына табиғи газ жеткізіліп, Қазалы қаласын газдандыру жұмыстары басталып кетті. Енді аудан орталығына жақын елді мекендерді де газдандыруды жалғастырамыз.
Жалаңтөс батыр, Қашақбай Пірімов және Басықара ауылдарын газдандыру үшін 22,6 млн теңге бөліп, жобасын әзірлеп жатырмыз. Амандық болса, тиісті қаржылары бөлінсе, маусым-шілде айларында құрылыс жұмыстарын бастап кетеміз.
Соңғы жылдары Қазалы ауданында ауыл арасындағы жолдар мен елді мекенішілік көшелердің жағдайы едәуір дұрысталып келеді. Өткен жылдың желтоқсан айында қала мен кенттің екі аралығындағы жолды кеңейту жұмыстары басталды.
2021 жылы да жолдарды жөндеуге көп көңіл бөліп отырмыз. Ең бастысы осыдан 3 жыл бұрын басталған Кәукей ауылына баратын автомобиль жолын аяқтаймыз. Амандық болса шалғайдағы ауыл тұрғындары асфальт жолмен жүретін күн де алыс емес. Сонымен қатар, «Қарлаң» көпірінен Қожабақыға дейінгі, Қазалы қаласы мен «Әлсейіт» көпіріне дейінгі жолдарды да жөндеп бітіреміз. Ал, Басықара мен Абай елді мекенінің аралығындағы 20 км жолды
жөндеу жұмыстарын жалғастыруға облыстық бюджеттен 306 млн теңге қаржы қаралды. 2021 жылы Әйтеке би кентінен 5 көше, Қазалы
қаласынан 10 көшені асфальттайтын боламыз. Одан бөлек, ауылдық жерлердегі көшелер де жөндеуден өтеді. /Жанкент – 4, Абай – 1, Пірімов – 1, Бірлік – 1, Ақтан батыр – 1/.
«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Әйтеке би кентінен 18 көшені асфальттауды жоспарлап отырмыз. Ол үшін тиісті облыстық
басқармаларға ұсыныс берілді. Кәукей ауылының тұрғындары үшін тағы да бір қуанышты жаңалығымыз бар. Биылғы жылы аудан орталығынан шалғай жатқан Кәукей мен Бозкөл ауылының аралығындағы электр бағаналары жаңартылады. Өздеріңіз білесіздер,
қазіргі таңда екі елді мекен аралығындағы электр бағаналары судың ортасында қалып, құлап қалу қаупі төніп тұр. Бұл үшін облыстық бюджеттен 82 млн теңге қаржы бөлінді /540 опора, 75 км электр желісі/.
Соңғы жылдары жаз мезгілінде ауданда ауыз су тапшылығы орын алып жүр. Әсіресе мұны Әйтеке би кентінің тұрғындары жақсы
біледі. Осы мәселені шешу үшін Байқожа су құбырын қайта жаңғырту жобасын дайындап, қаржыландыруға ұсындық. Жобаның жалпы
құны – 2,5 млрд теңге.
Егер қаржы мәселесі шешімін тапса Әйтеке би кенті мен Байқожа елді мекені аралығында 63 шақырым магистральдық желі тартылатын
болады.Бүгінде жобаны қаржыландыру мақсатында облыстық қаржы басқармасы арқылы Су ресурстары комитетінің теңгеріміне өткізуге
ұсыныс берілді. Соңғы жылдары Қазалыда құрылыс қарқынды жүруде. Өткен жылдың өзінде 2,9 млрд. теңгеге 15 нысанның құрылысы жүргізілді. Қазіргі таңда бұған дейін құрылысы басталған
600 орындық мәдениет үйі, ауысымына 250 келушіге арналған емхана, Қазалы қаласын газдандыру және Жанқожа батыр мен Майдакөл елді мекендеріндегі тұрғын үйлерге сервистік ауыз су желілерін жүргізу жұмыстары жүріп жатыр. Аталған жұмыстардың барлығы да биылғы жылдың ішінде аяқталады деп жоспарлануда.
Ауданда баспана мәселесін шешу үшін көптеген жобалар қолға алынған. 2021 жылы баспана мәселесін шешу үшін жалға берілетін үйлерді сатып алуға 294 млн теңге қаржы қаралды. Бұған көлемі 60 шаршы метр кем болмайтын 35 тұрғын үй сатып алуды жоспарлап отырмыз.Сонымен қатар, «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасымен Қ.Пірімов ауылынан спорт кешенін салу үшін қаржы көздері қарастырылуда.Ауданға қарасты барлық ауылдардың проблемалық мәселелерін біртіндеп шешіп келеміз.
Тұрғындардың тарапынан жиі айтылатын «Қарлаң» көпірінің де мәселесі шешілетін күн алыс емес. 2021 жылдың бюджетінен көпір
құрылысының жобасын әзірлеп, сараптамадан өткізуге 80,3 млн. теңге бөлінді. Құжат дайын болған уақытта тиісті ведомостволарға ұсынып, қаржыландыруды қарастыратын боламыз. Ең бастысы тұрғындар тарапынан көтеріліп келген ұсыныс қолдау тауып, бұрынғы №170 мектептің орнына 250 орындық мектеп салынатын
болды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған