QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады?

ByQAA.kz

Сәу 28, 2021

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі сенбіге тура келеді. Демек, қазақстандықтар 3 күн демалады: 1, 2 және 3 мамыр.

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні жұмада болады. Бұл күн де демалыс күні.

9 мамыр – Жеңіс күні жексенбіде тойланады. Сәйкесінше демалыс күні дүйсенбі 10 мамырға ауыстырылады. Нәтижесінде 8, 9, 10 мамырда демаламыз.

Осылайша, қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасында – 1, 2, 3 мамырда, содан кейін – 7, 8, 9, 10 мамырда демалады. 11 мамырдан бастап жұмысқа кіріседі.

Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер 1, 2, 7 мамырда демалады, 8 – жұмыс істейді, 9, 10 – демалады. 11 мамырдан бастап жаңа жұмыс аптасы басталады.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған