QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Аялдамалар мен алаңдарды аяла

ByQAA.kz

Қыр 17, 2020

«Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы бағдарламасы» барысында республикалық бюджеттен қаралған қаражат есебінен Қызылорда қаласы аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлерге 30  ойын және жаттығу алаңдары салынуда. Жобаны іске асырушы «СК Сапа kz» ЖШС-гі 24  ойын алаңының құрылысына жауапты болса, қалған алтауына «Асанас-дар»ЖШС мердігер мекемесі жауапты.

Жалпы бұл шаруаның барлығы келісімшарт бойынша өткен айдың 31-не аяқталуы тиіс болатын. Салынған ойын алаңдарының 2 жыл кепілдеме мерзімі бар. Уақытына жетпей істен шыққан жағдайда жауапты мердігер мекеме қайтадан қалпына келтіріп береді. Жобаның техникалық қадағалаушысы «Жаңа ғасыр» ЖШС-гі.

Осындай ойын алаңдарының бірі Астана мөлтек ауданындағы «Жастар үйі» алаңында салынса, екіншісі Панфилов көшесінде аяқталған. Жалпы ойын алаңдарының сапасы сын көтерерлік. Барлық ойын құралдары халықаралық стандарттарға сәйкес.

Оның үстіне қала аумағына 70 автобус аялдамалары салынған. Басым бөлігі антивандалды. Демек, ұзақ мерзім қызмет ететін, соққы мен қысымға да төзімді болмақ.

Бұл жобаны жүзеге асырушы «Азамат» ЖШС-гі болса, жобаның техникалық қадағалаушысы «Раян и К» ЖШС-гі болып табылады.

Дамир АМАНГЕЛДІ

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған