QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Аяқсу көзі ашылды

Автор:QAA.kz

Май 27, 2021

Өзіміз ол заманда болмасақ та, әлемжелі арқылы талай суретті байқап тұрамыз. Оның ішінде көне Қызылорданың суреттері жиі кездеседі. Қай суретін алсаң да жасылға оранған, көгалданған талға толы шаһарымызды көріп бір марқаятынымыз анық.

Кезіндегі түрлі салалардан бастап жұмыс жасаған түрлі кезеңнің әр әкімдері қала тіршілігінің жаңаша дем бергені сөзсіз. Ол кездегі басты мәселелердің бірі жер беру, түрғын үй салу, жол және жаяулар жолын салу болатын. Осылайша кәдуілгі жасылдану мәселесі білінбей артта қалғанын байқамаппыз. Жағдайды жаман деп айта алмаймыз. Өткен жылы шаһарда тәуір жұмыстар атқарылды, жол да салынды, «тұратұрар» да жасалды.
Ал аяқсу мәселесі көптің көкейінде болмаған-ды. Десе де, араға уақыт салып, қалаға келген Қазантаев жолаушылар тасылмалынан бөлек аяқсу мәселесін де қолға алды. Келгелі бері сенбілікті серік еткен әкім халықтың оң пікіріне бөленуде. Өткен аптада аяқсу мәселесін оңды етіп, арық тазарту жұмыстары бойынша сенбілік жасап, қолынан папка түспейтін әкімдік қызметкерлеріне күрек ұстатты. Жалпы Байсеитова көшесіндегі арық түгелдей әкімдік қызметкерлерінің күшімен тазартылды.

Аяқсуды жатырқайтын қаншама жыл су көрмеген арықтар жоқ емес. Сусыз-ақ өсіп тұрған талдардың бары сөзсіз Қазантаев айтпайды, айтса жасайды. Әлгі арықты тазарту арқылы қаланы орталық бөлігін аяқсумен қамтымақ.

Бұл туралы «Қызылорда қалалық тұрғын үй комуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Біржан Далабаев былай деді: «Бұл жұмыстар негізінен қалалық каналдың Сарқырама каналына қосылу жұмыстары осы уақытқа дейін қолға алынбаған болатын. Яғни қалалық канал Сарқырама каналымен ешқандай қосылмайтын. Ұзақ уақыттан бері осы жұмыстар қолға алынды. Бұл өз кезегінде Сырдария өзенінің арнасындағы су деңгейі өте төмен түсіп кеткен жағдайда тек Сырдария өзеніндегі насостарға ғана тәуелді болмай, қалалық канал арқылы қаламызды аяқсумен қамтамасыз ету мақсатында болып жатыр»,- деді.

Су толған арықтарды көріп көзіміз біраз жатырқауда. Алдағы уақытта жасыл желекке оранып, ыстықта тұмшаланатын орындардың көбейері анық. Жоғарыда аталған әкімдік қызметкерлерінің игі ісі көркейту сақшыларына зор көмек болды. Бүгінде барлық мекемелер, ұйымдар айналасына қарайлап, тал егіп, көшет отырғызып маңын тазалау үстінде. Ел алдында жүрген азаматтардың бұл ісінің бұқараға үлгі болары анық. Инженерлік білімі бар Ғанибек Қонысбекұлының көтерген мәселелері жөнді-ақ.

Д.ҚАЛДЫБЕК

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *