QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Автокөлікті масаң күйінде басқарып құқық бұзушылық жасаған

Автор:QAA.kz

Сен 29, 2020

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат Б.-қа қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 608 бабының 1 бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Азамат Б. 8 тамыз 2020 жылы сағат 01:20 минут шамасында Қызылорда қаласы, Саяхат көшесі мен А.Айдосов көшесінің қиылысында автокөлігін алкогольдік масаң күйде басқарып, Қазақстан Республикасы жол жүрісі Қағидасының 2-бөлімі 4-тармағы 2-тармақшасының талаптарын бұзған.

Сот қаулысымен өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлға Б. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, ол 15 (он бес) тәулік әкімшілік қамаққа алынып, 7 (жеті) жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылсын.

Автокөлікті жүргізу куәлігінсіз басқарған

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат Ю.-қа қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 612 бабының 3 бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Азамат Ю. көлiк құралын басқару құқығынан айрылған адам бола тұра 28 шілде 2020 жылы сағат 06:40 минут шамасында Қызылорда қаласы, Скатков көшесі бойында автокөлігін басқарып, Қазақстан Республикасы жол жүрісі Қағидасының 2-бөлімі 1-тармағы 1-тармақшасының талаптарын бұзған.

Сот қаулысымен өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлға Ю. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 612 бабының 3 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 97230 (тоқсан жеті мың екі жүз отыз) теңге айыппұл салынды.

Полиция қызметкерлерінің қорғау нұсқамасын бұзған

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында бейне конференция байланысы арқылы азамат К.-қа қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 461-бабымен әкімшілік іс қаралды.

Азамат К. 3 шілде 2020 жылы, Қызылорда қаласы, «Арай» мөлтек ауданы, Жамбыл көшесінде орналасқан үйде жанжал шығарып, әйелі А.-ның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ішкі істер органдарымен қолданған қорғау нұсқамасын бұзған.

Сот қаулысымен өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлға К. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 461 бабымен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде ескерту тағайындалды, сонымен қатар қойылатын ерекше талаптардың қолданылу мерзімі ішінде профилактикалық әңгімелесу іс-шаралар жүргізу үшін оған үш ай мерзім аралығында айына екі рет Қызылорда қаласының полиция басқармасының тиісті учәскелік полиция пунктіне келу міндеттер белгіленді.

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *