2021 ж. Сәуір 14

АВТОБУС ПАРКІНДЕ ДЕМАЛЫС ЖОҚ

Қызылорда қаласындағы автобус паркінің мәселесі ең өзекті деп саналады. Мекемеге тиесілі жаңа автобустардың да қызмет етіп келе жатқанына 5-6 жыл уақыт болыпты. Уақыт өте алынған қосымша жаңа автобустар бүгінде қалада жүйткіп жүр. Жалпы мекеменің қызметкерлеріне, техникаларына жасалған жағдай жаман емес.
Барлық автобустар үлкен ангарларда орналасқан. Газ құю бекеті де, асханасы да, барлығы сол мекеменің өзінен. Бізге беймәлім деректер бұнда көп. Бір автобустың өзі күніне 220 шақырым жол жүреді. Соның салдарынан қозғалтқыш секілді маңызды бөлшектері істен ерте шығатын көрінеді. Мекеме тарапынан күніне 70-ке жуық қоғамдық көлік жолға шығады. Ал тағы 18-і қосалқы көлік ретінде дайын тұр. Бұл дегеніміз, қызметтегі техника бұзылған жағдайда, орнына қосалқы көлік кетеді деген сөз. Мына бір індет келмей тұрған уақытта автобус паркіне айына 70-80 миллион теңге пайда түсіп отыратын еді. Карантин басталып, жұрттың көбісі үйінде қызмет жасауда, сабаққа баратын балалар болса өте аз. Осы аралықта автопарктың бір айлық пайдасы 25-30 миллионға дейін күрт төмендеді. Бұл түрмен автопарк өз қарыздарын өздері жаба алмайды. Құрамындағы қызметкерлердің өзінің жылдық жалақысы 400 миллион теңгені құрап отыр.


2015 жылы Еуропа банкінен долларлық валютамен 18 миллион алған автопарк бүгінде қарызынан құтыл алмай әлек. Сол кездегі бір доллар 150-180 теңге болған шағында шамамен 3,5 миллиард теңгедей қарыз алған автопарк соны бүгінде үш есе өсіммен төлеп отыр. Себеп, доллардың аяқ асты өсуінде. Доллармен алған несие доллармен қайта- рылатынын ескерсек, автопарк Еуропа банкіне бүгінге дейін 3,5 миллиардтай қарызын төлеп үлгерген. Ал берешегі әлі де 5
миллиардтың маңайында тұр.

Ақылдылар ақылды жолақыны пайдалануда


Бұл тұста жолаушылар жолпұлды қолма-қол да, картамен де төлеуде. «Хит» болған «Kaspi» картасына да, кондуктордың да картасына
«лақтырып» әлек. Соны тексеріп жатқандар бар ма өзі «Алемпей» орнатқан валидаторлардың пайдасын жастар жағы түсінсе де, кей
үлкендер оң көзқарас танытпауда. Бұл расында өте тиімді төлем түрі. Жолаушылардың өзі осы карталық, электронды жүйеге көшуі қажет.
Себебі, тиын санайтын уақыттың бәрі артта қалды. Біз қарапайым электронды төлеу құрылғысын қолдана алмасақ несіне «Цифрлы
Қазақстан» деп ұрандатып жүрміз?
Қалалық мәслихат хатшысы Ибадолла Құттықожаевтың айтуынша Назарбаев даңғылымен жүретін қоғамдық көліктердің 80 пайызының бағыты бір. Сондықтан, олар осы кең даңғылда жарысып, жолаушылар жинаумен айналысады. Аталған олқылық алдағы уақытта шешілмек. Қаладағы жаңадан салынған мөлтек аудандардың артуына байланысты ол жаққа да бір бағыттың керегі анық. Әйтпесе,
соңғы кездері қоғамдық көлік мәселесі әлеуметтік желіні «жарып» барады. Ал жеке кәсіпкерлер қоғамдық көліктерді электронды жүйеге көшіруді мақұлдамай отыр. Бұның астында да өзіндік мән жатқаны анық. Өйткені электрондық жүйеде кім қанша төледі, кімдер мінді дегендей ақпараттар орталыққа жеткізіліп отырады. Бәлкім сон- дықтан, жолаушылар тасымалдайтын жеке кәсіпкерлер «көлең- келі» табысын көрсеткісі келмей отырған болар.


Ал халық тарапынан Қызылжарма ауылының тұрғындары қоғамдық көлік мәселесін жиі көтеріп келеді. «Құдайдың» емханасына баруға қиналып, көлік таппай қалатын кездер де аз емес екен.


Сызбаның сыры белгілі болды


Ендігі жақсы жаңалықтың бірі қаланың қоғамдық көліктерінің жаңа сызбасы жайлы болмақ. Бірінші жарты жылдықта дайын болмақ сызбада халықтың ұсыныстары ескеріле отырып жасалуда дейді. Қоғамдық көліктер арасында жарыс болдырмас үшін әр бағытты халыққа ыңғайлы етіп қаланың әр аумағына шашыратып жіберген жөн. Аталған сызбаның мазмұнына сүйенсек алдағы уақытта қалада жаңа 200-ден аса аялдама пайда болмақ.
Бұл өз кезегінде көліктердің жарысын да, көптіктен туатын кептелісті де азайтуы мүмкін. Кептеліс демекші, осы бір қатар-қатар тізілген, жарысқан көліктер салдарынан жол апаттары көптеп орын алуда. Абырой болғанда қоғамдық көліктермен бірге болған жол апаты аз. Сондай-ақ, таңғы, түскі, кешкі уақытта автобустың іші «созыла- тындай», сыймаса да сыйғызып, ішіне адамды лық толтырып алуды да тоқтату керек. Полиция басқармасының сөзінше осындай лық толы автобустарда қалта ұрлығы өте жиі кездеседі.


Автопарк тағы не істей алады?


Біз көрмесек те, көріп, істеп жүрген мамандар былай дейді. Әр автобус ең соңғы кезегін тәмәмдағансоң міндетті түрде іштері тазартылады. Жолаушылар ұстаған жердің барлығы залалсыз- дандырылып, іші толық жуылады. Сонымен қатар, ауа ауыстырып, әр автобустың терезелерін белгілі бір уақытқа ашып қояды екен. Жүргізушілер міндетті түрде бетпердемен қызмет көрсету қажет. Әр автобуста қолды залалсыздандыратын құты орнасқан дейді. Бір анығы, автопарк мәселесі оңай шешіле салмақ емес. Мәселенің маңызын ескере отыра қарасақ, бұл құдды 3 басты айдахар секілді. Бір басын шапсаң орнынан екеуі өсе шығады. Қоғамдық көліктің де мәселесінің түйінін енді шешкелі жатқанда жаңа түйіндер пайда бола қалады екен.


Д.АМАНГЕЛДІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған