2021 ж. Сәуір 14

ҚАУІП ЖОҚ ДЕМЕ…

Жыл сайын қыс-көктем мезгілінде Сырдария өзенінде мұз қату және сең жүру кезеңдерінде елді мекендер, ауылшаруашылық жерлері мен шаруашылық нысандарына су басу қатері төнеді.
Аймақта «2020-2021 жылдардағы қысқы-көктемгі кезеңде Сырдария өзеніндегі мол суды қауіпсіз өткізу бойынша дайындық жұмыстарын жүзеге асыру» іс-шара жоспары әзірленіп, бекітілді. Іс-шара жоспарына сәйкес, су тасқынына қарсы ісшараларды жүргізуге облыс бюджетінен 266,3 млн. теңге бөлінген. (Оның ішінде, 138,2 млн. теңге қорғаныс бөгеттерін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына, 10,0 млн. теңге – мұз жару жұмыстарына, 4,8 млн. теңге қаптар сатып алуға және 113,3 млн. теңге – “Қазавиақұтқару”АҚ қызметтеріне).

Жақсылық Ақзира:
– Саламатсыз ба, Гүлшара Наушақызы. Жаз бойы дарияда су
болған жоқ. Қыс ерте түсіп, күннің күрт суытуымен дария арнасы сол аз мөлшердегі су деңгейімен қатып қалды. Қазіргі кезеңде білуімізше, жоғары жақтан мол су келе бастады. Бұл жағдай өзен бойы орналасқан елді мекендерге су басу қаупін туғызуы мүмкін. Осы бағытта қандай шаралар атқарылуда?
Облыс әкімі Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызы:
– Сырдария өзені жағдайы біз үшін өте өзекті. Өйткені, өткен жылғы желтоқсан айынан бастап облысымызға 500 текше метр су келе бастады. Қазір жақсы өтіп жатыр. Соңғы бір-екі күнде ақпаратты күнделікті алып отырмыз. 400 текше метр су келіп жатыр. Аса қауіп жоқ. Бірақ соңғы жылдармен салыстырғанда биыл мұз қалың. Түркістанның шекарасынан бастап Аралға дейін мұз әлі сіресіп тұр деп айтуға болады. Кейбір жерлерде биыл қыста 70-80 см-ге дейін мұздың қалыңдығы болды. Қауіп бар. Бұл жөнінде жиналыс өткізіліп, құзырлы органдарға тапсырылды. Қай жерлерде кедергі бар, болып қалады-ау деген жерлерге кезекшілік қойып жатырмыз. Барлық материалдық қор жасақталып, қызметкерлер де осы бағытта жұмыс істеп жатыр. Күнделікті бақылауда.


(Облыс әкімінің есебінен. 2021 ж. 17 ақпан)

Сонымен қатар, су тасқынына қарсы 68,6 тонна жанар жағар май, 154 590 дана қап және басқа да материалдықтехникалық құралдардың қоры қалыптастырылған. Биыл қыс мезгілінде өзен бетінде барлық аймақта қалындығы 10-55 см құрайтын мұз қатты. Қазіргі таңда
ауа – райының жылуына байланысты, мұз Шиелі ауданы Қарғалы елді мекені тұсында жүруде. Осыған орай, 22 ақпанда облыс әкімі Г.Н.Әбдіқалықова мен облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы М.Усаин өзендегі су деңгейіне тікұшақпен
мониторинг жүргізді. Нәтижесінде, аймақ басшысы жауапты құзырлы мемлекеттік мекемелерге бірқатар тиісті тапсырмалар
берді. Оның ішінде, қауіпті су басу аймақтарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өзен бойына тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыруды және қауіпті аймақтарға арнайы техникасы бар жауапты мекемелерді бекітуді тапсырды. Бүгінгі күні Сырдария өзеніндегі жағдай бірқалыпты, жүйелі бақылауға алынған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған