QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Аудио-бейнежазба құралдарының техникалық қолдану тәртібі

ByQAA.kz

Шіл 29, 2020

Сот отырыстарын аудио-, бейнежазбаға түсіру сот талқылауы барысын дәл тіркеу үшін сот ісін жүргізу мақсатында, сондай-ақ азаматтық, қылмыстық сот ісін жүргізуде, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде немесе тәртіптік іс бойынша іс жүргізу шеңберінде нақты деректерді белгілеу мақсатында пайдаланылады.

Сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарын техникалық қолдану тәртібі:

Мынадай жағдайларды қоспағанда, бірінші сатыдағы соттың әрбір сот отырысының барысы аудио-, бейнежазбаға түсіріледі: 1) азаматтық іс тараптардың шақырылуынсыз қаралған кезде (бұйрық арқылы, оңайлатылған іс жүргізу); 2) азаматтық іс бойынша сот отырысына қатысатын адамдардың бәрі сот отырысына келмеген жағдайда, бұл туралы сот отырысының хаттамасында көрсетіледі; 3) егер өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлға әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау кезінде өз кінәсін толығымен мойындап, дәлелдемелерді зерттеу қажеттігі туралы мәлімдемесе; 4) жабдықтың техникалық ақауы, оның болмауы немесе техникалық себептерге байланысты қолдану мүмкін болмаған жағдайда. Істі бірінші сатыдағы сотта сот талқылауына дайындау кезінде алдын ала сот отырысында, осы сатыда даудың мәні бойынша шешім шығарылатын жағдайларды қоспағанда, хаттама соттың қалауы бойынша жүргізіледі. Істі бірінші сатыдағы сотта сот талқылауына дайындау кезінде алдын ала сот отырысында, осы сатыда даудың мәні бойынша шешім шығарылатын жағдайларды қоспағанда, хаттама соттың қалауы бойынша жүргізіледі.

Сот отырысы барысында аудио- немесе бейнежазба құралдары үздіксіз пайдаланылады. Сот отырысы залында қатысып отырғандарға сот талқылауын кейінге қалдыру, үзіліс немесе сот шешімін қабылдау үшін соттың кеңесу бөлмесіне кетуі туралы хабарлаған сәттен бастап және оның сот талқылауын хабарлаған немесе қайта бастаған кезге дейінгі аудио-, бейнежазба құралдарының тоқтап тұруы үзіліс болып есептелмейді. Аудио-, бейнежазба құралдарын қолдануға мүмкіндіктің болмауы сот отырысын жалғастыру мүмкіндігін жоққа шығармайды. Сот отырысын аудио-бейнежазу кезінде сот отырысының хатшысы тыңдағыштар арқылы тыңдау жолымен жазба сапасына ағымдағы бақылау, арнайы бағыттағы бағдарламада белгіленген аудио-бейнежазба құралдарының дыбысжазу эквалайзері және сыртқы дыбысқа тербелу эквалайзер шкаласының тербелуіне әсер етуін бақылау жолымен дыбыс жазба кешенінің жұмысқа жарамдылығына бақылау жасауды іске асырады.

Іске қоса тіркелген сот отырысының аудио-, бейнежазба көшірмелерінің сақталуына, судьяның істі қарау кезеңінде және істі мұрағатқа өткізгенге дейін сот отырысының хатшысы, іс мұрағатқа тапсырылғаннан сәттен бастап сот мұрағатшысы қамтамасыз етеді.

Іс жабық сот отырысында қаралған жағдайда, іске қатысушы адамдарға және олардың өкілдеріне сот отырысының аудио-, бейнежазбасы берілмейді, оларға сот отырысының аудио-, бейнежазбасымен таныстыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі сотта жүргізіледі.

Қызылорда облысының қылмыстық

істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының

бас маман сот отырысының хатшысы М.Шамау

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған