QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Қателіктер қайталанбайды ма?

ByQAA.kz

Қар 6, 2020

Қызылорда облысындағы «COVID-19» пандемиясының екінші кезеңінде облыстағы инфекция жұқтырған науқастарды уақытылы қамтамасыз ету үшін дәрі-дәрмектер тізімі жасақталды. Пандемияның 1-кезеңінде орын алған дәрі-дәрмек тапшылығын болдырмас үшін стационарлық және емханалық жағдайда жетіспеген дәрілік заттарға облыстық бас пульмонолог, облыстық бас инфекционистпен сараптама жасалып, «COVID-19» індетін емдеу хаттамасына сәйкес жасақталды. Тізімді жасақтау барысында коронавирус және вирустық пневмония науқастарына 1-кезеңде қолданылған дәрілік препараттар негізге алынды. Құрылған қорға дәрілік заттарды сатып алуға қажеттілік 350 млн. теңге қаражатты құрап отыр. Сонымен қатар, қажет болған жағдайда 21 инфекциялық және провизорлық төсек орындар қайта ашылатын болады (жалпы саны 3000 орынды құрайды). Сондай-ақ, 200 төсек орынды тез соғылатын модульді инфекциялық аурухананың құрылысы жүргізілуде (аяқталу уақыты 30.11.2020 ж).Өкпені жасанды желдету (ИВЛ) аппараты 76 болса, қазіргі таңда 244-ге жетіп отыр. Одан бөлек, Дүниежүзілік банкі арқылы 47 дана ИВЛ аппаратының келуі жоспарлануда.Жергілікті бюджеттен 4 флюро және 6 дана стационарлы рентген аппаратын сатып алу жоспарлануда (мерзімі 15.12.2020ж).2020 жылдың күз мезгіліндегі коронавирустық инфекциясының болжамды екінші толқынына жүйелі дайындық жұмыстары жүргізілуіне орай, 3500 медицина қызметкерлерінің резерві құрылды.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған