QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

АТА ЗАҢЫ БОЛМАҒАН ЕЛ ЖОҚ

Автор:QAA.kz

Авг 30, 2020

Конституцияның 25 жылдығы елдегі тұрақтылық пен ауызбіршіліктің айнымас нышаны. Заңды құрметтеу адамзат үшін тура жолдан тайынбаудың басты жолы. Ата заң ресми құжат ретінде қабылданғандықтан бүгінде елдің басты тірегіне айналып отыр.

 Ата заңы жоқ ел болмаған. Болса да ұзаққа бармаған. «Жеті жарғы» деп бастау алған хандық дәуірден қалған асыл мұраның бүгінгі жемісі осы Ата заңымыз. Тіпті, мұсылман елдерінің басым бөлігінде қабылданған Конституция Құранға негізделген екен. Осы мысалдың өзі Конституцияның қастерлігін танытады. Аталмыш мерекеге орай қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы аймақтың дамуына еңбегі сіңген азаматтарды «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен марапаттады.  

«Егемендік алған жылдары заң жүйесінде тұрақтылық аз болды. Сол уақыттың Конституциясы Кеңестік дәуірдің заңнамасына сүйене отырып жасалып еді. Бұны сол уақытта қызмет жасаған азаматтар біледі. Ол кезде жүйеленген заңда болған жоқ.

Барлық заңдар осы Конституцияға сүйене отырып шығады. Ал енді, Конституция қоғамдағы адамның құқығын реттейді. Мәселе, осының тек қана халыққа адал қызмет жасауында. Біз бұны барлық жағынан пайдалансақ, елдің дамитынына сөз жоқ», деді «Құрмет» орденінің иегері Шәріпов Жарылқасын.

«Ұлтымыздың ұлан-ғайыр тарихында Қасым ханның «Қасқа жолынан» бастау алған бүгінгі Конституциямыз – Елбасы ұсынып, халық қолдаған, елімізді биік белеске шығарған, тарихи маңызы бар аса зор құжат» , — деді өз сөзінде шаһар басшысы.

P.S: Ресми құжаттан бөлек, Конституция әр азаматтың көкірегінде болуы шарт.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *